ҚР ІІМ бөліністері үшін көлік құралдарының заттай тиесілік нормаларын бекіту туралы 29.10.2025 жылғы №790 бұйрық

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөліністері үшін
көлік құралдарының заттай тиесілік нормаларын бекіту туралы


БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөліністері үшін көлік құралдарының заттай тиесілік нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Аппаратының басшысына жүктелсін.

 

 

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-лейтенанты Е. Саденов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
_____________________
2025 жылғы «____» _______

 

 

Бұйрық
Дата публикации
11 ноября 2025