Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы 1, анықтамалар үшін телефондар: 8 (7172) 71-52-29, электрондық мекенжай g.zhazenova@mvd.gov.kz, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Қазақстан Санаторийі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) (Қоғамның мекенжайы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 308-үй, тел. 8 (727)2 64-67-23 эл.мекенжайы: sanatoriumkz@mail.ru) директорлар кеңесінің тәуелсіз директоректорларына (2 бірлік) конкурс жариялайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (бес жұмыс күні) конкурсты өткізу туралы хабарландыру Министрліктің интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап.
1. Қоғамның қызметінің негізгі түрлері:
Қоғамның қызметінің негізгі мәні ішкі істер органдарын қызметкерлерінің, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің, ІІО зейнеткерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің және басқа да жеке тұлғалардың санаторлық-курорттық емделуін ұйымдастыру болып табылады.
1) Стационарлық, амбулаторлық, оңалту және денсаулықты емдеуді ұйымдастыру;
2) Практикалық және консультативті-диагностикалық медициналық көмек көрсету;
3) Аурудың ерекшеліктерін ескере отырып, науқастардың рационалды және диеталық тамақтануын ұйымдастыру;
4) Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру.
2. «Қазақстан Санаторийі» АҚ тәуелсіз директорлары кандидаттарына қойылатын біліктілік талаптар
I. Қоғамның Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор болып сайлану үшін кандидат мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
1-бабының 20-тармағына сәйкес тәуелсіз директор мәртебесіне сәйкес келеді, оның ішінде:
1) Қоғамның үлестес тұлғасы болып табылмайды және ол Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы 3 (үш) жыл бойы (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда) болып табылмайды;
2) Қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайды;
3) Қоғамның лауазымды тұлғалармен немесе Қоғамның аффилиирленген тұлғаларымен бағыныстылықпен байланысты емес және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі 3 (үш) жыл ішінде осы тұлғалармен бағыныстылықпен байланысты емес;
4) мемлекеттік қызметші болып табылмайды;
5) Қоғамның аудиторы болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі 3 (үш) жыл бойы болмаған;
6) аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғамның аудитіне қатыспаған және Директорлар кеңесіне сайлануының алдындағы 3 (үш) жыл бойы мұндай аудитке қатыспаған.
2. Денсаулық сақтау, қаржы, экономика, құқық саласындағы халықаралық сертификаттардың немесе басқару (менеджмент) саласындағы қосымша білімнің болуын қоса алғанда, жоғары білімі (және/немесе бар болса «магистр» дәрежесі) бар. Өзге де тең жағдайларда Қоғамның негiзгi қызметiне сәйкес келетiн салада немесе қаржы, басқару (менеджмент) саласында бiлiмi бар кандидаттарға артықшылық берiлуi тиiс.
3. Директорлар кеңесі мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі, қоғамның негізгі қызметіне сәйкес салаларда басшы лауазымдарда кемінде 3(үш) жыл жұмыс өтілі бар.
4. Ұсынылған ақпаратты жан-жақты талдап, объективті бағалай алады және заңдылық, әділеттілік және барлық акционерлерге тең қарым-қатынас қағидаттарына негізделген мәселе бойынша тәуелсіз позицияны қалыптастыра алады. Кандидат қоғам пікірінен өзгеше болса да, өз пікірін айта алады және оны ұстана алады.
5. Мінсіз беделге ие және жоғары этикалық стандарттарды ұстанады. Кандидаттың өмірбаянында экономикалық қызмет саласында қылмыс жасау, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте әкімшілік құқық бұзушылық фактілері жоқ.
6. Директорлар кеңесінің жұмысына Директорлар кеңесінің отырыстарында ғана қатысуға ғана емес, сонымен қатар Директорлар кеңесі отырыстарының материалдарын дұрыс зерделеуге жеткілікті уақыты бар.
7. Тікелей немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болмауы.
8. Басқа компаниялардың 4 (төрт) артық директорлар кеңесінің мүшесі бола алмайды.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай адамдар:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;
2) бұрын мәжбүрлеп тарату, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу, консервациялау немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның
ДК төрағасы, бірінші басшысы (Басқарма Төрағасы), басшының орынбасары, бас бухгалтері болып табылған адамдар. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу, консервациялау немесе банкрот деп тану туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады;
3) сот меншікке, экономикалық қызмет саласында немесе коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп таныған, сондай-ақ аталған қылмыстарды жасағаны үшін Қазақстан Республика Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігінің
3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған тұлғалар. Көрсетілген талап заңда белгіленген тәртіппен өтелген немесе алынған, сотталғандығы немесе қылмыстық жауаптылықтан босатылған күннен бастап 5 (бес) жыл бойы қолданылады;
4) жоғары білімі жоқ адамдар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ДК мүшесінің міндеттерін орындауға кедергі келтіретін өзге де қасиеттерге ие адамдар сайланбайды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қатысу туралы өтініш;
2) кандидаттың түйіндемесі;
3) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;
6) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған кандидат туралы мәліметтер;
7) конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады).