Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу. 01.10.2025ж. №742 Бұйрық

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу және «Учаскелік полиция инспекторларын тағайындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 438 бұйрығының және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 91 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 5-тармағының күші жойылды деп тану туралы

БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Учаскелік полиция инспекторларын тағайындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 438 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 9696 тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 91 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 5-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 20004 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-лейтенанты


Е. Саденов

 

Бұйрық
Дата публикации
14 октября 2025