БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтарда № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 13199 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізіледі:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының
9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген және мерзімді әскери қызмет аяқталған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей ІІМ-нің әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген және оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толмаған ("Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңның 39-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес) азаматтар қабылдау жылы 1 маусымға дейінгі мерзімде ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) аумақтық бөлімшесі, ІІМ-нің әскери оқу орны басшысының немесе тұрғылықты жері бойынша әскери бөлім командирінің атына өтінішпен жүгінеді.
ІІО аумақтық бөлімшесінің, ІІМ әскери оқу орнының басшысы немесе әскери бөлімнің командирі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына міндетті арнайы тексеру жүргізу, сондай-ақ ӘДС қағидаларына сәйкес кандидаттың алдын ала медициналық куәландырудан өтуі бойынша материалдар ұсыну жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Міндетті арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды азаматтар қабылдау жылы 20 шілдеге дейін осы Қағидаларға
1-қосымшада көрсетілген құжаттарды тапсыру және түпкілікті медициналық куәландырудан өту үшін ІІМ-нің әскери оқу орнына келеді.
ІІМ-нің әскери оқу орнына қабылдау жыл сайынғы қабылдау жоспарының 20%-нан аспайтын мөлшерде Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде жүргізілген конкурстық іріктеудің нәтижелері бойынша жүзеге асырылды.»;
7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1. Мерзімді әскери қызмет өткерген және мерзімді әскери қызмет аяқталған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей ІІМ-нің әскери оқу орнына түсуге ниет білдірген адамдарды қоспағанда, әскери қызметшілер мен әскери қызметте тұрмаған азаматтар қатарынан кандидаттар «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы
№ 204 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес әскери қызмет өткеру орны (тұрғылықты жері) бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) өткізу пункттерінде немесе базалық жоғары оқу орындарында екі блок бойынша ҰБТ тапсырады:
1-блок - Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы (оқу тілі);
2-блок - екі бейіндік пән, кандидат оларды осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес ІІМ әскери, арнаулы оқу орындары білім беру бағдарламаларының тізбесіне (бұдан әрі - Білім беру бағдарламаларының тізбесі) сәйкес мамандығына қарай өзі таңдайды.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Қабылдау комиссиясы конкурстық іріктеудің қорытындылары бойынша кандидаттың рейтингі негізінде оқуға қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады және сол күні кандидаттарға жарияланады.
Кандидаттың рейтингі ҰБТ балдарын және дене шынықтыру даярлығы бойынша орташа балдарын қосу арқылы айқындалады.
ІІМ әскери оқу орындарына ҰБТ қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33345 болып тіркелген) бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларымен (бұдан әрі – Білім беру грантын беру қағидалары) белгіленген шекті деңгейдегі балдан жоғары балл жинаған кандидаттар қабылданады.»;
37 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. ІІМ арнаулы оқу орындарына күндізгі оқу нысаны бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене шынықтыру, білім деңгейі бойынша оларға жүктелген лауазымдық міндеттерді орындауға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
ІІМ арнаулы оқу орындарына күндізгі оқу нысаны бойынша мерзімді әскери қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері қабылданады.
ІІМ арнаулы оқу орындарына қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқуға «Құқық», «Құқықтану» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жоғары білімі бар азаматтары қабылданады.
ІІМ арнаулы оқу орындарына қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқытуға «Құқық», «Құқықтану» мамандықтар бойынша жоғары білімі бар адамдарды қоспағанда, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.».
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар арнаулы оқу орындарының не болмаса тұрғылықты жері бойынша аумақтық ІІО-ның кадр қызметтеріне еркін нысанда өтініш береді.
ІІМ арнаулы оқу орындарының ресми интернет-ресурсы арқылы электронды форматта өтініш беруге жол беріледі.
Өтінішке (қағаз немесе электронды форматта):
1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
2) фотосуреттер (бас киімсіз, өлшемі 3,5х4,5 см алты фотосурет, өлшемі 10х12 см бір фотосурет);
3) өз қолымен толтырылған өмірбаян;
4) білімі туралы аттестатының немесе дипломының көшірмесі;
5) мерзімді әскери қызмет өткерген адамдар қабылдау комиссиясына ұсыным (комиссияның конкурстық іріктеуден өткені туралы қорытындысы).»;
42 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Оқуға кандидаттар қызметке жарамдылығын анықтау үшін, оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері, әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден, сондай-ақ міндетті арнайы тексеруден өтеді.
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«66. ІІМ арнаулы оқу орындарына қабылдау медициналық, дене шынықтыру және кәсіби көрсеткiштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, ҰБТ қорытындылары бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргiзiледi.
ІІМ арнаулы оқу орындарына мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері, ІІМ-нің әскери оқу орнына қабылдау Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде жүргізілген конкурстық іріктеудің нәтижелері бойынша жүзеге асырылды.»
Қабылдау комиссиясы конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша кандидатты курсант қатарына қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді кандидатқа қабылдау комиссиясының отырысында жариялайды.»;
көрсетілген бұйрыққа 1, 1-1 - қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыру;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
полиция генерал-лейтенанты Е. Саденов