ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНДЕГІ
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНДАҒЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНДАҒЫ БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯСЫ ОТЫРЫСЫНЫҢ ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ
2024 ЖЫЛ ҮШІН
2024 жылғы 26 наурыз № 6 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты аға басшы құрамының бос лауазымдарына орналасуға өтініш білдірген үміткерлердің медициналық және психофизиологиялық куәландыру және полиграфологиялық зерттеу қорытындыларын ескере отырып, конкурстық комиссия құрамының дауыс беру парақтарына сәйкес мынадай шешім шығарылды:
1) Тыл департаменті Медициналық басқармасының бас маман-дәрігері лауазымы бойынша (C-SV-8 санаты) Исмаилова Гульнара Касымовна лауазымға тағайындауға ұсынылады;
2) Тыл департаменті Медициналық басқармасының аға инспектор-дәрігері лауазымы бойынша (C-SV-9 санаты) Ассалауова Махаббат Сайлаугалиевна лауазымға тағайындауға ұсынылады.
3) ІІМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі тобының аға инспекторы лауазымы бойынша (C-SV-9 санаты) Нурсагиева Карлыгаш Кененовна лауазымға тағайындауға ұсынылады.