Аумақтық полиция департаменттерінің бос лауазымдарына орналасу үшін қызметкерлер арасында ішкі конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА

Аумақтық полиция департаменттерінің бос лауазымдарына орналасу үшін қызметкерлер арасында ішкі конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрігі» мемлекеттік мекемесі (010000, Нұр-Сұлтан қаласы Тәуелсіздік көшесі 1, 4-қабат, № 421 кабинет,анықтама үшін телефондар:8 (7172) 72-20-05, a.kurmanbekova@mvd.gov.kz) ІІО қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды.

  1. Ақмола, Батыс Қазақстан облыстары Полиция департаменттерінің Көші-қон қызметі басқармаларының бастықтары (C-SVO-3 санаты бойынша, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 232 454 теңгеден бастап 249 846 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі - КҚБ) жалпы басшылықты жүзеге асырады.Белгіленген талаптарға сәйкес КҚБ-ның жұмысын жоспарлайды, жұмыстағы басымдықтарды, жоғары органдар қойған міндеттерді іске асырудың нысандары мен әдістерін айқындайды.КҚБ-ның мүдделі ұйымдармен және мекемелермен, полицияныңбасқа да қызметтерімен жұмыс желісі бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Өз құзыретінде заңда белгіленген тәртіптежәне мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша тиісті шаралар қабылдайды. Көші-қон қызметінің мәселелері бойынша қажетті ақпарат талдайды, жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Құзыреттілігі: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Біліміне қойылатын талаптар: мынадай мамандықтар бойынша жоғарғы білім: заңтану; халықаралық құқық құқық қорғау қызметі, есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету; шет ел тілі: екі шет ел тілі; халықаралық қатынастар; теология; түркітану; әлеуметтану; саясаттану; аймақтану; автоматтандыру және басқару; ақпараттық жүйелер; құқық және экономика негіздері.

        Еңбек өтіліне қойылатын талаптар: 1) құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде С-SVО-4, С-SV-8, С-SVR-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе нақты құрылымдық бөліністердің штаттық кестесімен қарастырылған келесі төмен тұрған санаттардан төмен емес;

2) арнайы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметтегі жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда немесе "А" корпусының лауазымдарында немесе А-4, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

4) аталған санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саласындағы жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес.

Біліміне қойылатын талаптар: осы санат бойынша лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім. Тиісті ұйымдастырушылық және басқару дағдылары.

Қосымша талаптар: жоғары тұрған лауазымды атқару үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлер қатарынан тағайындалады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 671 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • жұмыстағы негізгі көрсеткіштер мен нақты жетістіктерді айқындайтын қызметтік жұмыстың нәтижелерімен бірге қызметтік мінездеме (ерікті нысанда);
  • басшы құрам қатарынан қызметкерлердің кепілдемелері (ерікті нысанда);
  • орындаушылық лауазымды атқарып отырған ішкі істер органдары қызметкерінің тиімділігін бағалау парағы немесеІшкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау қағидалары мен әдістеріне 7, 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша басқарушылық лауазымды атқарып отырған ішкі істер органдары қызметкерінің тиімділігін бағалау парағы ;
  • Жоғарыда көрсетілген қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі істер органдары қызметкерінің бәсекеге қабілеттігін бағалау парағы;
  • Қазақстан Республикасы ІІО кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын өткізетін қызмет растаған қызметкердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының деңгейін жыл сайын қорытынды тексеру анықтамасы (ерікті нысанда).

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 5 жұмыс күн, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап есептеледі.

 

_____________________________

 

 

Қазақстан Республикасының
ішкі істер органдарында жоғары
тұрған басшы лауазымдарға
конкурс өткізу қағидаларына
қосымша

 

 

 

Нысан

 

_________________ бастығы

 

(ішкі істер органының,

 

________________________

 

атағы, тегі, аты, әкесініңаты

 

(болғанжағдайда)

Өтініш

      Маған___________________________________________________________

 ____________________________________________________________________

 ____________________________________________________________________

бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға рұқсат беруді сұраймын.

      Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында бос лауазымды атқаруға конкурс өткізу шарттарымен және тәртібімен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына жауапкершілік туралы ескертілдім.

___________________ _________________________________________________

(қолы)             (тегі, аты (әкесінің аты болған жағдайда))

Байланысдеректері:

жұмысжәнеұялы телефон нөмірі: _____________________________________

электрондықмекенжайы ______________________________________________

тұрғылықтымекенжайы _______________________________________________

жұмысмекенжайы ___________________________________________________

 

20 ___ жылғы "___" _________

Дата публикации
12 августа 2022