Көші-қон заңнамасының талаптары туралы нені білу қажет: азаматтарға арналған жадынама

🔹 Шетел азаматтары нені білуі керек?

✅ Қазақстанға келген шетел азаматы қабылдаушы тараптың 3 жұмыс күні ішінде көші-қон қызметіне хабарлама беруі қажет екенін білуі тиіс.

✅ Елде болу мерзімін, визасының және тиісті рұқсат құжаттарының жарамдылық мерзімін қадағалауы қажет.

✅ Тіркелген мекенжайы бойынша тұруға міндетті.
Еңбек қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруы тиіс.

✅ Төлқұжатының жарамдылық мерзімін бақылауы қажет.

🔹 Қабылдаушы тараптар мен жұмыс берушілер нені білуі керек?

✅ Шетел азаматын қабылдаған жағдайда 3 жұмыс күні ішінде көші-қон қызметіне хабарлама беру қажет.

✅ Шетелдік жұмыс күшін заңнамада көзделген тиісті рұқсатсыз жұмысқа тартуға болмайды.

✅ Еңбек шарты тоқтатылған немесе шетел азаматы елден кеткен жағдайда заңнамада көзделген тәртіппен уақтылы хабарлау қажет.

⚖️ Заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген.

✅ Полиция азаматтарды көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауға, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырады.

Жарияланған күні

09 қараша 2026 10:26

Жаңарту күні

09 қараша 2026