

Кадр саясаты – Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүйесінде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыратын бағыт.
Міндеттері:
Ішкі істер органдарына (бұдан әрі – ІІО) қызметке қабылдау лауазымға тағайындау жолымен, оның ішінде құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына күндізгі оқу нысанына түскен адамдар үшін келісімшарт жасасу жолымен жүзеге асырылады.
Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, ІІО-ға қызметке алғаш рет кіретін азаматтар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.
ІІО-ға қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымдарына қызметке кандидаттардың түсуі олар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіптік даярлықтан өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар іріктеуге қатысуға өтініш, қажетті құжаттарды ІІМ аумақтық органдарының кадр қызметіне береді, сондай-ақ медициналық, психофизиологиялық куәландырудан, полиграфологиялық зерттеуден және арнайы тексеруден өтеді.
Іріктеуді қабылдау комиссиясы жүзеге асырады және дене шынықтыру нормативтерін тапсыруды, сондай-ақ әңгімелесуді қамтиды. Іріктеу нәтижелері бойынша үміткерлер тыңдаушылар тарапынан оқу орнына қабылданады. Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін тыңдаушылар ІІМ аумақтық органдарының кадрларына қабылданады және лауазымға тағайындалады.
ІІО-дағы қызметке жасы он сегізге толған, отыз бес жастан аспаған, тиісті білімі бар, өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы және дене бітімінің дамуы бойынша өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындауға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.
Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға орта білімі бар, он алты жасқа толған адамдар қабылдана алады.
ІІО-дағы қызметке адам қабылдана алмайды: