ҚР ІІМ логотипі

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Штабтық қызмет

Штаб-Департаменті ішкі істер органдарының  бірыңғай жүйесі қызметін үйлестіру мен жоспарлауды қамтамасыз ететін және жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 Функциялары:

  • аумақтық бөліністерден, басқа да мемлекеттік және құқық қорғау органдарынан келіп түскен, еліміздегі әлеуметтік-саяси, экономикалық, демографиялық, ұлтаралық оқиғалар және криминогендік жағдайға әсер ететін өзге де процестер туралы ақпараттарды жинауды, жалпылауды және талдауды жүзеге асырады, нәтижелері бойынша ІІМ басшылығына криминогендік жағдайдың өзгерісіне және үрдісіне ден қоюдың тиісті шаралары туралы ұсыныстарды енгізеді;
  • еліміздегі жедел жағдайдың жай-күйі, ІІО-ның жұмыс нәтижелері, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, интергациялық органдардың бағдарламалық құжаттары мен шешімдерін және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша шет елдердің ішкі істер министрлерімен екіжақты кеңес шешімдерін іске асыру туралы ақпараттық-анықтамалық материалдарды және есептік құжаттардың жобасын дайындауды қамтамасыз етеді;
  • құзыреті шегінде ІІО қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық саласы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қауіпсіздік Кеңесінің, Үкіметтің, Конституциялық кеңестің, Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің, басқа да жоғары тұрған және консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына (кеңестеріне), сондай-ақ өңірлік интеграциялық құрылымдардың ішкі істер министрлерінің (ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ және т.б.) және екіжақты форматтағы кеңестерге министрлік басшылығына ақпараттық-анықтамалық материалдар, сөз сөйлеу тезистері мен баяндамалар дайындауды қамтамасыз етеді;  

 

  • ІІМ-нің қызметтерімен ІІО-дағы ақпараттық-аналитикалық жұмысты жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;
  • республикадағы, жекелеген облыстардағы, қалалардағы және аудандардағы жедел жағдайды, қылмысқа қарсы күресте және құқықтық тәртіпті сақтауда күштер мен құралдарды тиімді қолдануды, сондай-ақ құқықтық тәртіптің жай-күйіне және ІІО-ның жұмыс нәтижелеріне әсер ететін факторларды жан-жақты талдауды және бағалауды жүзеге асырады;
  • қажет болған жағдайда министрліктің қызметтерін және ІІМ-нің білім беру ұйымдарын тарта отырып ІІО қызметіндегі өзекті проблемалық мәселелерді анықтайды, құқықтық тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы күрес саласындағы негізделген және тиімді басқару шешімдерін әзірлеуді қамтамасыз етеді;
  • ІІМ-нің орталық аппараты, сондай-ақ өңірлік департаменттер қызметтерінің басқару жұмысының, ІІМ-нің басшылығына тиімділікті арттыру бойынша тиісті ұсыныстар енгізе отырып, оның жұмыстың нақты нәтижелеріне әсер ету деңгейінің жай-күйін зерделейді;
  • Штабтың қызметін регламенттейтін нормативтік актілердің жобаларын әзірлейді;
  • ІІМ-нің Алқа жұмысын ұйымдастыруын қамтамасыз етеді,
    сондай-ақ ақпараттық-анықтамалық материалдарды, басқару шешімдерінің жобаларын дайындауды, сондай-ақ алқа жұмысының өткізілуіне байланысты басқа да рәсімдік және ұйымдастырушылық мәселелердің іске асырылуын қамтамасыз етеді;
  • Ішкі істер министрінің жанындағы аппараттық және жедел кеңестердің, ІІМ Алқа отырыстарының, ІІМ орындаушылық және есепке алу тіркеу тәртібін бақылау жөніндегі комиссиялардың, консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына, мемлекет басшыларының жоғары деңгейдегі сапарына материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді;
  • министрлік қызметтерінің ІІМ-нің басшылығы жанындағы жедел кеңестерді ұйымдастыруы кезінде белгіленген тәртіптің және регламенттің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

12) ІІМ қызметтерінің ұсыныстарын ескере отырып,  мынадай:

Даму жоспарының (5 жылға);

Алқа жұмысы жоспарының (тоқсанға);

жедел кеңестер жұмыс жоспарының (тоқсанға);

қызметтік іссапаралар жоспарының (тоқсанға);

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, жоғары және үкіметаралық деңгейде, сондай-ақ ІІМ-нің деңгейіндегі кездесулер және келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының жобаларын әзірлейді және ІІМ-нің басшылығына бекітуге енгізеді.

13) ІІО-да жоспарлау практикасын жалпылап қорытады, осы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ ІІМ-нің және аумақтық бөліністердің қызметтері оны жүзеге асыру бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;

14) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге, келісуге, мониторингтеуге және бағалауға қатысады;

15) Қазақстан Республикасы Президентінің және Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің актілерін және өзге де шешімдерін, жоғары тұрған инстанциялардың консультациялық-кеңесші органдарынын актілерін және өзге де шешімдерін, Министрдің бұйрықтары мен нұсқауларының, ІІМ Алқасының, Министрдің жанындағы жедел және аппараттық кеңестердің шешімдерінің, ІІМ-нің жоспарларын және басқа директивті құжаттарының, сондай-ақ инспекциялау барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралардың іске асу барысының нақты орындалуына мазмұнды бақылауды және тексеруді жүзеге асырады;

16) орындаушылық тәртіпті нығайту бойынша шаралар туралы ұсыныстарды әзірлейді және ІІМ-нің басшылығына енгізеді;

17) Есепке алу-тіркеу  тәртібін нығайту және осы саладағы ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық бойынша шаралар кешенін әзірлеуді қамтамасыз етеді;

18) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды және басқа да ақпараттарды қабылдау, тіркеу және қарау барысында,
оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды тексеру және мониторингілеу жолымен заңдылықтың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

19) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды,
хабарламаларды және өзге де ақпараттарды қабылдау, тіркеу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері бойынша азаматтардың шағымдары
мен арыздарын қарайды; 

20) ІІО аумақтық бөліністерінің жедел-қызметтік жұмысына жоспарлы және жоспардан тыс кешенді инспекторлық, бақылау және нысаналы тексерістерді жүргізуді қамтамасыз етеді;

21) ІІО штабтары жұмысының практикасын зерделейді және жалпылайды, практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді, анықталған кемшіліктерді жоюға бақылауды жүзеге асырады;

22) аумақтық органдары штабы қызметінің тиімділігін арттыруға,
сондай-ақ олардың қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған
іс-шараларды, оның ішінде жұмыс кездесулерін, ғылыми-практикалық конференцияларды, республикалық және аймақтық семинар-кеңестерді, тағылымдаманы ұйымдастырады;

23) ІІО жүйесінде жобалық басқаруды дамыту бойынша құрылымдық бөліністерге үйлестіруді, әдіснамалық, аналитикалық, ұйымдастырушылық көмек көрсетеді; 

24) жобалық басқарудың бірыңғай жүйесі шеңберінде Ұлттық жобалау кеңсесімен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

25) ІІМ жобалық кеңсесін үйлестіру кезінде қызметтер іске асыратын жобаларына мониторингті жүзеге асырады;

26) аумақтық полиция департаменттерінің штаб бастықтарын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсынымды келісуді қамтамасыз етеді;

27) ІІМ-нің басшылығына қызметкерлердің қызметтік іссапарларға шығу туралы бұйрық жобаларын әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз етеді;

28) қызметтік іссапарлар тиімділігін талдайды, олардың нәтижелілігін  арттыру бойынша ІІМ-нің басшылығына ұсыныстар енгізеді;

         29) халықаралық ынтымақтастық саласындағы ІІО қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді және үйлестіруді, сондай-ақ халықаралық құқықтық жұмысты жүзеге асырады;

30) өз құзыреті шегінде ІІМ басшылығына ІІО халықаралық ынтымақтастығын кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

31) халықаралық қатынастарды регламенттейтін Қазақстан Республикасы құқықтық актілерінің ережелерінде ІІМ мүдделерін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

32) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне қатысты халықаралық шарттар мен құқықтық актілердің жобаларын дайындайды, халықаралық ынтымақтастық жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

33) өз құзыреті шегінде ІІМ қызметтері әзірлеген және басқа мемлекеттік органдардан келісуге келіп түсетін, халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне қатысты құқықтық актілердің жобаларын заңнаманың талаптарына сәйкестігін тексереді, сондай-ақ Министрліктің мүдделі қызметтерімен өзара іс-қимыл жасаса отырып, ІІМ басшылығының оларға қол қою мүмкіндігі туралы қорытындылар дайындайды;

         34) ІІМ-нің халықаралық шарттар бойынша міндеттемелерді орындау жағдайына мониторингті қамтамасыз етеді;

35) ІІМ мүдделі қызметтерімен бірлесіп ІІМ-ге келетін шетелдік делегациялармен Министрдің Мемлекеттік хаттама нормаларына сәйкес ресми қабылдауларын, жұмыс кездесулерін және келіссөздерін хаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

36) өз құзыреті шегінде ІІМ шетелдік мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасында акредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен бірлесіп өткізетін кеңестер, конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізуді ұйымдастырушылық қамтамасыз етеді;

 37) халықаралық ұйымдарда ІІМ және шет елдердің ІІМ өкілдерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

38) ІІО қызметкерлерінің белгіленген тәртіппен шетелдік іссапарларға шығуын ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысады;

  39) шетелдік іссапарларға және өкілдік шығындарға байланысты бағдарламалар бойынша бюджеттің атқарылуын қалыптастыруға және бақылауға қатысады;

40)  құзыреті шегінде халықаралық шарттар бойынша міндеттемелерді орындайды.

 

Документы
Ақпарат
12 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті
Солтүстік Қазақстан облысында 2026 жылдың 9 айындағы қылмыстылықтың жай-күйі туралы АҚПАРАТ
Бюджет
25 сентября 2026
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесінің 2026-2028 жылдарға арналған Бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы» 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Бюджет
25 сентября 2026
Бюджеттік бағдарламаның паспорты
Новости
Полезные материалы
Ішкі істер министрлігінде департаменттің Қоғамдық кеңесінің кезекті онлайн-отырысы өтті
Штабтық қызмет
Медиагалерея
События
25 февраля
Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы
26 марта
Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы
22 апреля
"Қазіргі жағдайдағы ішкі істер органдарының тергеу аппаратының өзекті мәселелері" тақырыбында қоғамдық тыңдау.  
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Атырау қаласының полиция басқармасы
Часто задаваемые вопросы
Неліктен полиция наряды уақытында келмеді?

Сіз шағымның мән-жайын көрсете отырып, «E-otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы жүгінуіңіз қажет. Сіздің өтінішіңіз бойынша тексеру жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша полиция нарядының уақтылы келмеу себептері анықталатын болады.

Полиция нарядының кешігуінің бірқатар себептері бар, мысалы: қызметкерлердің жұмыс жүктемесінің тығыздығы, шұғыл қоңыраулардың болуы, оқиға орнының қашықтығы, қолайсыз ауа райы жағдайлары, автокөліктің техникалық ақаулары және т. б.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өтінішті дұрыс қарамаулары бойынша шағыммен қайда жүгінуге болады?

Шағымның мән-жайын көрсете отырып, «Е-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өндеудің платформасын аумақтылығы бойынша немесе «1402» сенім телефоны арқылы жүгіну қажет.

Егер құқық бұзушылық туралы өтініш тіркелмеген немесе қабылданбаған болса не істеуге болады?

Егер полиция қызметкерлері құқық бұзушылық туралы өтінішті қабылдаудан немесе тіркеуден бас тартқан жағдайда:

- полиция басшылығына хабарласыңыз;

- азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы «E-otinish» арқылы өтініш бере аласыз;

«1402» сенім телефонына қоңырау шалу қажет.

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы