Арнайы күштер және жедел басқару ішкі істер органдарының қызметкерлерінің жүйелі арнайы-тактикалық, дене шынықтыру және атыс даярлығын ұйымдастыру, оларды қызметтік-жауынгерлік міндеттерді табысты орындауды, оның ішінде дағдарыстық жағдайларда арнайы операцияларды өткізу жағдайларында қамтамасыз ететін заңды және тиімді әрекеттерге үйрету.
Мақсаты:
- жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы арыздарды немесе хабарламаларды қабылдауды, тіркеуді және қарауды жүзеге асыру, қабылданған шешім туралы өтініш берушіні заңнамада белгіленген тәртіпте хабардар ету;
- жағдай мониторингі, елдегі жедел жағдай туралы жедел басқару орталығына (бұдан әрі – ЖБО) келіп түсетін ақпаратты жинау, өңдеу,
ІІМ басшылығына және жоғары тұрған инстанцияларға уақтылы баяндама жасау;
- құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру
- ІІМ бөліністері мен басқа да мемлекеттік органдардың арасында қоғамдық құқықтық тәртіпті қорғау, қылмыстарды уақтылы ашу және оларды жасады деп күдіктелген адамдарды ұстау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
- ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) күштері мен құралдарының дағдарыстық жағдай туындаған кезде, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай режимдерін, төтенше немесе соғыс жағдайын енгізген кезде міндеттерді орындауға әзірлігін жетілдіру;
- дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ құқықтық режимдер енгізілген кезде ІІО қызметін ұйымдастыру жөніндегі құқықтық актілерді, арнайы жедел жоспарларды және өзге де құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
- арнайы жедел жоспарларды қолданысқа енгізу жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;
- дағдарыстық жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі шұғыл ден қою және басқару жүйесінің органы болып табылатын тұрақты жұмыс істейтін Республикалық жедел штабтың (бұдан әрі – РЖШ) қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
- ІІО-ның арнайы мақсаттағы бөліністерінің қызметін үйлестіру,
сондай-ақ оларды оқытуды және қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
- елдің қорғаныс жоспарын іске асыруға жұмылдыру жоспарлары
мен өзге де құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
- жедел басқаруды дамытудың жалпы саясаты мен стратегиясын әзірлеу;
- жедел-қызметтік іс-шараларын инспециялауға, оның ішінде
ІІО аумақтық бөлімшелерін кенеттен тексеруге қатысу.