«Арман» санаторийi» АҚ

«Арман санаторийi» АҚ 1982 жылы КСРО ІІМ қызметкерлерін сауықтыру үшін салынған. Санаторий Қазақстанда және жақын шетелдерде танымал, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетуі бойынша сенімді санаторийлердің бірі.
Санаторий асқазан-ішек жолын, қабыну сипатындағы урологиялық және гинекологиялық ауруларды, бедеулікті және тірек-қимыл аппаратын емдеуге бағытталған.
Негізгі емдік факторы «Сарыағаш» минералды суы болып табылады. Минералды су зат алмасу процесін реттейді, ас қорыту жолының жұмысын жақсартады, токсиндерді, шлактарды және ауыр металдардың тұздарын шығаруға ықпал етеді.
Жоғары білікті дәрігерлер жұмыс істейді: терапевт, гастроэнтеролог, уролог, гинеколог, педиатр, стоматолог. Кәсіби медициналық қызмет көрсетуші персоналдар жыл сайын өздерінің кәсіби деңгейін арттыра отырып, аттестаттаудан өтеді.
Санаторий жатын корпустан, емдік корпустан, ас блогынан, бассейннен және ішетін бюветтен тұратын типтік төрт қабатты ғимаратты қамтиды. Барлығы бірыңғай құрылыс ғимаратында орналасқан, бұл тиімді емдеуге оң әсерін тигізеді.
Су процедураларынан бөлек физиотерапиялық процедураларды да алуға болады.
Мұнда әртүрлі тексеруден өтуге болады: электрокардиограмма, ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ), фиброгастродиоскопия (ФГДС), зертханалық зерттеулер: зәрді талдау, қанды тексеру, биохимиялық тексеру, қантты анықтау.
Басшы: АҚ президенті Рахиев Уалихан Рысбекұлы
Мекен-жайы: Түркістан обл., Сарыағаш ауданы, Көктерек кенті
Телефоны: 8 7253 75 11 01
Веб-сайт: https://saryagash-arman.kz/