Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы және құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысыныңПетропавл қаласында қалған су басқан аула аумақтарынан 122 066 текше метр су сорылды, жұмыстар жалғастырылуда.

Атырау облысыныңҚұлсары қаласы мен Индер ауданының Индербор ауылында су басқан аумақтардан64 686текше метр су сорылды. Қаптарды  төсеу жұмыстары аяқталды. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында1 850қапшық пен1 690тонна инертті материал төселді. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда.

Батыс Қазақстан облысыныңОрал қаласы мен Бәйтерек ауданының Мичуринское ауылында қуатты жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен саяжай үйлерінен еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде. Өткен тәулікте 245 мың текше метр су сорылды.

Республика бойынша эвакуацияланған61 377адам өз үйлеріне оралды. 5 435 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 23,9 млн артық еріген қар суы сорлып, 11 300 жеке тұрғын үй мен 3 602 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 8 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 4 127адам, 691 техника, 240 су сору құралы және 56 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды.