Су тасқыны жағдайы туралы сағат 16:00-дегі ақпарат

Су тасқыны жағдайы туралы сағат 16:00-дегі ақпарат

Атырау облысындаЖайық өзені су деңгейіне мониторинг, су басқан үйлерден су сору жұмыстары тәулік бойы жалғастырылуда. Атырау қаласында және Құрманғазы ауданында ұзындығы 345 км бөген салу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс жалғасуда.

Солтүстік Қазақстан облысындаЕсіл өзені су деңгейіне мониторинг, Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Құтқарушылар Қызылжар ауданының Прибрежное ауылының тұрғындарына азық-түлік және оларды вахтовкамен барар жеріне жеткізуде. Қостанай облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті.

Республика бойынша9 660тұрғын үй мен3 213аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.16,4 млнеріген қар суы сорлды.50 670адам өз үйлеріне оралды.5 436 адамуақытша орналасу пункттерінде қалуда.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға11 467 адам,1 291техника,328су сору құралы және69жүзу құралы, 6әуе кемесі жұмылдырылды.