"ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті Тылдық қамтамасыз ету басқармасы күрделі құрылыс тобының бас сарапшысы" (уақытша бос лауазым 2024 жылғы 21 мамырға дейінгі)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құрылыс

Қосымша талаптар

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Функционалды міндеттер

Тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығына және оның орынбасарына тікелей бағынады. Өз құзыреті шегінде ҚАЖ ведомстволық бағынысты бөліністерінің құрылыс, қалпына келтіру және күрделі жөндеу мәселелері бойынша қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Ведомстволық бағынысты бөліністерінен ақпараттарды жинап, талдауды жүзеге асырады. Жаңа ҚАЖ объектілерін салуға, қалпына келтіруге, объектілерді күрделі және ағымдық жөндеуге бөлінетін капитал салымдарының тиімді пайдаланылуын бақылайды. Мердігерлік ұйымның құрылыс-монтаж жұмыстарын сапалы орындауына бақылауды жүзеге асырады.ҚАЖ комитетіне бекітуге түскен жобалау-сметалық құжаттамаға тексеріс жүргізеді. Жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысады. ҚАЖ комитеті мен оның аумақтық бөліністерінің салу, қалпына келтіру, күрделі және ағымдық жөндеу мәселелері бойынша бюджеттік өтінімді қалыптастыру жұмысын жүргізеді. ҚАЖ комитеті мен оның аумақтық бөліністерінің салу, қалпына келтіру, күрделі және ағымдық жөндеу мәселелері бойынша бюджеттік өтінімді қалыптастыру жұмысын жүргізеді. Өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасады. ҚАЖ объектілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарын тексеру мақсатында қызметтік іссапарларға шығады. Басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 22.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.09.2022 – 03.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

05.10.2022

Сұхбаттасу орны

010000, Нұр-Сұлтан қаласы Бейімбет Майлин к-сі, 2 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8 (717-2) 72-30-64