ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы Еңбекақы төлеу және зейнетақымен қамтамасыз ету тобының сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
Астана қаласы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасы заңнамасын, 2050 жылға дейін Қазақстанды дамыту стратегиясын, Қазақстан Республикасының осы санаттағы нақты лауазымның маманданымына сәйкес салада қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуіне тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі.
Функционалды міндеттер
Облыстар, қалалар бойынша ҚАЖД-ға және ҚАЖ комитетінің өзге де бөліністеріне бөлімнің негізгі міндетінен туындайтын еңбекақы төлеуді, сыйақы беруді, жедел-статистикалық есептерді ұйымдастыру мәселелері бойынша нұсқаулар мен хаттар даярлайды және жолдайды. Еңбекақы төлеу мәселелері бойынша ІІО қызметкерлерінің арыздары мен шағымдарын қарастырады. ҚАЖК бөліністеріндегі Қаржымен қамтамасыз ету басқармаларының (бөлімдерінің, бөлімшелерінің) жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу бойынша тәжірибелік көмек көрсетеді. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және сот органдарында ҚАЖ комитетінің мүддесін қорғайды. Еңбекақы төлеу мәселелері бойынша нормативтік актілердің әрекетін түсіндіретін құжаттар әзірлейді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 18.08.2022
- 010000, Нұр-Сұлтан қаласы Бейімбет Майлин к-сі, 2 үй
-
8 (717-2) 72-30-64