ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Ішкі және сыртқы коомунакициялар тобының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

212061

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Филология
  • Құқықтану
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Қоғамдық байланыс

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

Функционалды міндеттер

ҚАЖК және аумақтық бөліністері сайттарының жұмыс істеуін бақылайды және қамтамасыз етеді. Комитет басшылығына интернет-ресурстарды жаңғырту туралы ұсыныстар енгізеді. Интернет-ресурстардың жұмыс істеуін және контенттің толтырылуын бақылайды және үйлестіреді. ҚАЖ-нің қызметін ақпараттық сүйемелдеу және жариялау мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады. Басшылықтың сөз сөйлеулерінің, мақалаларының, сұхбаттарының жобаларын дайындауға қатысады.  ҚАЖК қызметтерімен бірлесе отырып, блогына келіп түскен сұрақтарға және пайдаланушылардың ұсыныстарына жауаптар дайындауды жүзеге асырады. ҚАЖ қызметінің мәселелері бойынша хабарламаларды, баспасөз релиздерін және басқа да ақпараттық материалдарды дайындауды және таратуды қамтамасыз етеді. БАҚ-та және интернет желісіне ұсынылатын ағымдағы және алдағы уақыттағы жарияланымдардың және бағдарламалардың тақырыптарын анықтайды. Ақпараттық жоспарлардың, бағдарламалардың және талаптардың іске асырылуы бойынша аумақтық бөліністермен баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасасады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 22.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.09.2022 – 03.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

05.10.2022

Сұхбаттасу орны

010000, Астана қаласы Бейімбет Майлин к-сі, 2 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8 (717-2) 72-30-64