ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы бухгалтерлік есеп және есептілік тобының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
Астана қаласы
212061
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
Функционалды міндеттер
Тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің уақтылы жеткізілуіне бақылауды жүзеге асырады, ММ және басқа да адамдармен қаржыландыру жоспарының орындалу процесінде пайда болатын есептесуді уақтылы жүргізеді, дебиторлармен және кредиторлармен айлық салыстырма есеп айырысулар жүргізеді Комитеттің Тылдық қамтамасыз ету басқармасымен бірге мемлекеттік сатып алулар қорытындысы бойынша жасалған келісімшарттар тізбесіне сәйкес, алынған тауар-материалдық құндылықтарға салыстырып тексерулер жүргізеді. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қаржыландыру жоспарын орындауда бухгалтерлік есептерді тексеруге және оларды қабылдауға қатысады, қаржыландыру жоспарын орындаудың жиынтық бухгалтерлік есебін сапалы құрастыруды қамтамасыз етеді. Активтерге, бағасы арзан және тез тозатын заттар мен материалдарға, ақшалай қаражаттар мен теңгерімнің есеп айырысу баптарына және Комитеттің аумақтық органдары мен білім беру ұйымдарының қаржыландыру жоспарын орындаудың жиынтық бухгалтерлік есебі бойынша қорытындылардың сипатталуына жылдық түгендеу жүргізуді ұйымдастыруға бақылау жасайды. Ішкі тәртіп қағидаларын, қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін сақтайды, лауазымдық нұсқаулықтарды орындайды. Өз құзыреті шегінде азаматтардың, сондай-ақ өндірістер, мекемелер және ұйымдардың өтініштерін уақтылы қарап, заңнамада белгіленген тәртіпте оған қатысты шешімдер шығарады. Белгіленген құзыреті шегінде азаматтар мен өзге де тұлғалардың арыздарын, өтініштерін, хаттарын, шағымдарын қарауға, соның ішінде сотталғандардың орындау құжаттарын орындауды. Бөлінген қаржының кірісін, есеп айырысу есебін жүргізеді, қаржы жіктемесінің шығындарының ерекшеліктері бойынша берілген шектеулер және кассалық шығындар ведомосін құрастырады, аумақтық қазынашылық органы келісімінде тіркеу есебімен ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы анықтама құрастырады;
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 13.06.2022
- 010000, Нұр-Сұлтан қаласы Бейімбет Майлин к-сі, 2 үй
-
8 (717-2) 72-30-64