Тылмен қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы лауазымына, 2 бірлік (оның ішінде бір бірлік бос уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне 06.11.2023ж. дейін)

Мемлекеттік орган

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, есеп және аудит)  мамандықтары бойынша жоғары немесе ортадан кейінгі білім

Функционалды міндеттер

  1. . Мекемелердің бөлім қызметкерлерінің жұмысын реттеп, оған жүктелген тапсырмаларды орындау қызметіне бағыттап, жұмыстарды жоспарлайды.

    1. Басқа инстанциялар мен ведомстволарға бағытталатын бөлім жұмысының сұрақтары бойынша анықтамалар, ақпараттар және ұсыныстар әзірлейді.
    2. Бөлімшелердің қызметіне жоспарлы және жедел тексерістер жүргізіп, олардың қорытындылары бойынша орын алған кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсыныстар енгізіп, әдістемелік және тәжірибелік көмек ұсыну жұмыстарын жүзеге асырады.
    3. Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру сұрақтары бойынша бөлімнің алдағы және ағымдағы жұмыс жоспарына енгізу үшін ұсыныстар әзірлейді.
    4. Басқа инстанциялар мен ведомстволарға ұсынылатын жалпы анықтамалады, ақпараттарды және ұсыныстарды дайындайды.
    5. Мемлекеттік сатып алуларды өткізу үшін жоспарлар мен ұсынытарды қарастырады.
    6. Облыс мекемелерінің тауарларды жеткізу және қызметтерді көрсету бойынша жасалынған келісім-шарттарына бақылауды жүзеге асырады.
    7. Қазақстан Республикасы ҚМ ҚБК-нің мемлекеттік сатып алу веб-порталында ай сайын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезіндегі қазақстандық үлес туралы ақпаратты, есепті тоқснада 1-МС есебін, келесі есепті жарты жылдықта шағын кәсіпкерлікпен айналысатын нысандардан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есепті ұсынып және бақылау жасайды.
    8. Номенклатураға сәйкес бөлімнің істерін рәсімдеп, берілген тапсырмалар мен өкімдерді уақытында орындау бойынша бақылау жүргізеді.
    9. Мекемелерден келіп түскен мәліметтерді біріктіріп, ай сайынғы жалпы жиынтық бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша есепті құрып ҚАЖ комитетіне тапсырады.
    10. ҚР-ның «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сәйкес ҚАЖД-і үшін мемлекеттік сатып алулар бойынша тағайындалған өкіл шешіміне сәйкес қажетті құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асырады.
    11. Облыстық ҚАЖД-і мекемелерінің тылдық қамтамасыз ету қызметтерінің жұмыстарын қадағалауды жүзеге асырады.
    12. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 26.01.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.01.2022 – 04.02.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

09.02.2022

Сұхбаттасу орны

Департамент УИС по ВКО, г. Усть-Каменогорск, Левоневского 21

Анықтама алу үшін байланыс

телефон/факс 8(7232) 57-61-58, 70-18-94