Құжаттамалық қамтамасыз ету тобының жетекші маманы, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету

Қосымша талаптар

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «Құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары немесе ортадан кейінгі білім. 

Функционалды міндеттер

  • Топ жұмыстарын ұйымдастырады, атқару тәртібінің жағдайларына жауапты;
  • ҚАЖД құрылымдық және аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылдасады
  • Құжаттарды бастапқы өңдеуден өткізу, алдын ала қарау, тіркеу, есепке алу, сақтау, жеткізу және жіберуді жүзеге асырады;
  • Құжаттарды орындаушы басшылардың құжаттарды уақытында қарауын ұйымдастырады, басшының қолтаңбасына ұсынылатын құжаттардың ресімделуін бақылайды;
  • ҚАЖД қызметтерінің «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжататрды есепке алу, тіркеу және тарату және уақытында өткізілуіне арнайы жауапты;
  • «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар Президент пен Үкімет Жарлығын, қаулыларын, бұйрықтарын, Министрдің және ҚАЖ Комитетінің бұйрықтарын ҚАЖД-нің мүдделі қызметтерінің көшірмелерін уақытында алу есебін жүргізеді, тіркейді.
  • Жеке және заңды тұлғалардың үндеулерімен, іс жүргізу және хат -хабарлар жұмыстарын ұйымдастырады;
  • Азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтарына және мүдделеріне қатысты жолсыздықтардың себептерін уақытында анықтау мақсатында жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша үндеулерінде көрсетілген сыни ескертулерді талдайды.
  • ҚАЖД-не арыздардың қайтадан түсу себептері жөнінде ұсыныс жасайды
  • ҚАЖД-де жеке және заңды тұлғалардың үндеулерін қарау жөніндегі есептерді құрастырады;
  • ҚАЖД басшылығының азаматтарды қабылдаулары туралы жұмыстарды ұйымдастырады
  • Пошта бөлімшесі және арнайы байланыс арқылы үндеулерге жауап жіберуді жүзеге асырады
  • ҚАЖД-нің қатаң есептілік бланкілерін есепке алу, сақтау және есептен шығаруды жүзеге асырады;
  • Бағынысты мұрағаттың жұмыстарын үйлестіреді;
  • ҚАЖД іс номенклатураларын құрастырады, үлгілік іс номенклатураларын дайындау, істердің жедел сақталуын және бағынысты мұрағатқа белгіленген мерзімде тапсырылғанға дейін пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
  • Құжаттандыру және құжаттамалық басқару сауалдары бойынша кеңес беру және семинар-кеңес өткізу;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге міндеттерді жүзеге асыраыд;
  • Барлық құпия хат-хабарларды уақытында тіркеу, есепке алу және таныстыруды қамтамасыз етеді.
  • Істерге (наряд) және қадағалау өндірісін және оларды мұрағатқа тапсыруды қалыптастырады
  • Құрылымдық бөлімшелерге қатысты іс жүргізу жөніндегі анықтамалар мен мәліметтерді әзірлейді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 26.01.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.01.2022 – 04.02.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

09.02.2022

Сұхбаттасу орны

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Өскемен қаласы, Леваневский көшесі, 21 үй

Анықтама алу үшін байланыс

телефон/факс 8(7232) 57-61-58, 70-18-94