"ІІМ ҚАЖ комитеті Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы бухгалтерлік есеп және есептілік тобының бас сарапшысы"

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Жұмысшылар мен қызметшілерге ақшалай ұстаным, еңбекақы, емделуге арналған жәрдемақы, іссапарлық шығыстарды, ерекше шығындар мен басқа да төлемдерді төлеу үшін Қазынашылықтың атаулы чегі бойынша және (немесе) корпоративтік төлеу карточкасы бойынша екінші деңгейдегі банктен күн сайын ақшалай қаражат алады. Күн сайын жұмыс күні соңында бір күнгі операциялардың қорытындыларын санайды, келесі күнге кассада қалған ақшаның қалдығын шығарады. Нақты қолда бар ақшамен кассадағы қолма-қол ақшаның қалдығын күн сайын салыстыра тексереді. Кассалық кітапты жүргізеді. Қылмыстық істер бойынша азаматтардан алынған кассада сақталатын бағалы заттар мен ақшалай қаражатты есепке алуды жүргізеді. Қолма-қол ақшалай қаражаттың мақсатты пайдаланылуын есепке алу кітабын жүргізеді. 120 «Касса», 177 «Депозиттелген еңбекақы бойынша есеп айырысулар» көмекші шоттарын аналитикалық есепке алуды жүргізеді. «Кассалық операциялар бойынша жинақтау ведомосі» (№ 381 нысан) № 1 мемориалдық ордерін құрастырады. Күн сайын нысанды мақсаттар бойынша кассадан ақшалай қаражат беруді жүргізеді. Еңбекақы, емделуге арналған жәрдемақы, өтемақыларды, демалыс және басқа да төлемдерді, алименттерді төлеуге (төлеуге есептерді) ақшалай қаражат есептеуге құжаттар дайындауды жүргізеді.  Министрліктің орталық аппаратында қалааралық сөйлесулердің лимиттерін бақылауды жүзеге асырады, министрліктің қызметтерімен осы мәселе бойынша хат алмасуды жүргізеді. Қатаң есептегі бланкілерді сақтауды және есепке алуды жүзеге асырады. ҚАЖК қолма-қол ақшаны бақылау есептері бойынша көшірмелер мен олардың тиісті құжаттарын Қазынашылық органдарынан алады. Басқарма бастығының нұсқауы бойынша басқа да тапсырмаларды орындайды. Бухгалтерлік құжаттарды тігуді жүзеге асырады, бухгалтерлік құжаттарды сақтауды, оларды мұрағатқа дайындауды және тапсыруды, сақтау мерзімі өткен соң жоюды ұйымдастырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.12.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.12.2021 – 07.12.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

09.12.2021

Сұхбаттасу орны

010000, Нұр-Сұлтан қаласы Бейімбет Майлин к-сі, 2 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8 (717-2) 72-30-64