ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті Тылдық қамтамасыз ету басқармасы мемлекеттік сатып алулар тобының бас сарапшысы (уақытша бос лауазым 20.05.2024 жылға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасы заңнамасын, 2050 жылға дейін Қазақстанды дамыту стратегиясын, Қазақстан Республикасының осы санаттағы нақты лауазымның маманданымына сәйкес салада қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуіне тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі. Практикалық тәжірибе - үлгі біліктілік талаптарына сәйкес, компьютерде жұмыс істей білу.

Функционалды міндеттер

Ішкі істер министрлігі басшылығының бұйрықтарына және басқа мемлекеттік сатып алулар мәселелері жөніндегі нормативтік актілерге сәйкес, ҚАЖ Комитеті жүргізетін шараларды әзірлейді және орындайды. Тобының жұмысы туралы анықтамалар, аналитикалық материалдар дайындауды ұйымдастырады. ҚАЖ Комитеті үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар шарттарының жобаларын дайындайды. ҚАЖ Комитетінің жасаған шарттарының орындалуын бақылайды. Бөлімшенің жұмысын ұйымдастыруды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді. Бөлімшеге басшылық жасайды және оның қызметін мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүргізу бойынша жүктелген міндеттерді орындауға бағыттайды, конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру-шылық-техникалық тұрғыда қамтамасыз етіп отырады. ҚАЖ мекемелерінің қажеті үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастырады. ҚАЖ құрылыс объектілері, ҚАЖ органдары мен мекемелерінің қаржылық шығындарына қатысты алдағы қаржы жылдарына Стратегиялық жоспарларының «Бюджеттік бағдарламалар» бөліміне ұсыныстар енгізу кезінде бағаларға мониторинг жүргізеді. Басқарма басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.08.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.08.2021 – 31.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

01.09.2021

Сұхбаттасу орны

010000, Нұр-Сұлтан қаласы Бейімбет Майлин к-сі, 2 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8 (717-2) 72-30-64