ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы бухгалтерлік есеп және есептілік тобының сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасы заңнамасын, 2050 жылға дейін Қазақстанды дамыту стратегиясын, Қазақстан Республикасының осы санаттағы нақты лауазымның маманданымына сәйкес салада қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуіне тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі.

Практикалық тәжірибе - үлгі біліктілік талаптарына сәйкес, компьютерде жұмыс істей білу.

Функционалды міндеттер

жұмысшылар мен қызметшілерге ақшалай ұстаным, еңбекақы, емделуге арналған жәрдемақы, іссапарлық шығыстарды, ерекше шығындар мен басқа да төлемдерді төлеу үшін Қазынашылықтың атаулы чегі бойынша және (немесе) корпоративтік төлеу карточкасы бойынша екінші деңгейдегі банктен күн сайын ақшалай қаражат алады. Күн сайын жұмыс күні соңында бір күнгі операциялардың қорытындыларын санайды, келесі күнге кассада қалған ақшаның қалдығын шығарады. Нақты қолда бар ақшамен кассадағы қолма-қол ақшаның қалдығын күн сайын салыстыра тексереді. Кассалық кітапты жүргізеді. Қылмыстық істер бойынша азаматтардан алынған кассада сақталатын бағалы заттар мен ақшалай қаражатты есепке алуды жүргізеді. Қолма-қол ақшалай қаражаттың мақсатты пайдаланылуын есепке алу кітабын жүргізеді. 120 «Касса», 177 «Депозиттелген еңбекақы бойынша есеп айырысулар» көмекші шоттарын аналитикалық есепке алуды жүргізеді. «Кассалық операциялар бойынша жинақтау ведомосі» (№ 381 нысан) № 1 мемориалдық ордерін құрастырады. Күн сайын нысанды мақсаттар бойынша кассадан ақшалай қаражат беруді жүргізеді. Еңбекақы, емделуге арналған жәрдемақы, өтемақыларды, демалыс және басқа да төлемдерді, алименттерді төлеуге (төлеуге есептерді) ақшалай қаражат есептеуге құжаттар дайындауды жүргізеді. Министрліктің орталық аппаратында қалааралық сөйлесулердің лимиттерін бақылауды жүзеге асырады, министрліктің қызметтерімен осы мәселе бойынша хат алмасуды жүргізеді. Қатаң есептегі бланкілерді сақтауды және есепке алуды жүзеге асырады. ҚАЖК қолма-қол ақшаны бақылау есептері бойынша көшірмелер мен олардың тиісті құжаттарын Қазынашылық органдарынан алады. Басқарма бастығының нұсқауы бойынша басқа да тапсырмаларды орындайды. Бухгалтерлік құжаттарды тігуді жүзеге асырады, бухгалтерлік құжаттарды сақтауды, оларды мұрағатқа дайындауды және тапсыруды, сақтау мерзімі өткен соң жоюды ұйымдастырады.

        396 формасы бойынша жинақтаушы ведомостарын (№13 мемориалдық ордер) және талдамалық материалдардың шығынын есепке алу шоттары бойынша 1312 " Оқу, ғылыми және басқа мақсаттарға арналған материалдар ", 1315 "Отын, ЖЖМ", 1316 "Шаруашылық материалдары және кеңсе жарақтары ", 1318 "Қосалқы бөлшектер", 1319 "Өзге материалдар" айналым ведомостарын жүргізеді, ҚАЖ комитетінің жанар-жағар май шығыстарының материалдық есептерін жүргізу, кеңсе тауарлары мен шаруашылық тауарлары мен өзге қорлар бойынша есептерін қабылдау;

        438 формасы бойынша (№9 мемориалдық ордер) істен шығуы және ұзақ мерзімді активтердің талдамалық есеп карточкасының шоты 2360 "Машиналар және жабдықтар" (арттехқару-жарақ) айналым ведомостерін жүргізеді;

         №5 нысаны бойынша "ұзақ мерзімді активтер", олардың келіп түсуін және шығуын бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар мен ерекшеліктер шығыстарына сәйкес  жиынтық есебін жүргізеді;

        Осы бөлімнің сарапшысына арттехқару-жарақ 11-нысанға сәйкес статистикалық есеп жүргізеді;

        ҚАЖ мекемелерінің қаржы жоспарының орындалуы бойынша құжаттарды тексеру мен қабылдауды, жиынтық қаржы жоспарының есебін тапсыруға қатысады және де әрбір қаржы сұрақтары бойынша жедел мәліметтерді жинауға, талап етуді қамтамасыз етеді;

        Қоршаған ортаны ластау бойынша есебін жүргізіп, Салық қомитетімен салыстырмалы актілер түзіп, дер кезінде тапсырыуын қамтамасыз етеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.08.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.08.2021 – 18.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

20.08.2021

Сұхбаттасу орны

010000, Нұр-Сұлтан қаласы Бейімбет Майлин к-сі, 2 үй

Анықтама алу үшін байланыс

140746