ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті Құжаттамалық қамтамасыз ету тобының сарапшысы (уақытша бос лауазым 25.07.2023 жылға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Құқықтану

Қосымша талаптар

Компьютерде жұмыс істей білу.

Функционалды міндеттер

Құпия және құпия емес корреспонденцияларды алу мен жіберуді қамтамасыз ету. «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар ҚАЖ Комитеті   қызметтері мен Ішкі істер Министрі мен ҚАЖ Комитеті бұйрықтарын, Президент және Үкімет Жарғылары мен өкімдері, қаулыларының көшірмесін уақытылы алу және тіркеу, есепке алу жұмыстарын жүргізеді;

ЭҚАБЖ-да кіріс, шығыс және ішкі корреспонденцияларды қабылдау және тіркеуді жүзеге асыру; Комитеттің құрылымдық бөліністеріне қызметтік құжаттарды уақытылы жіберуді ұйымдастыру: ҚАЖ Комитеті   қызметтері мен Ішкі істер Министрі мен ҚАЖ Комитеті бұйрықтарын, Президент және Үкімет Жарғылары мен өкімдері, қаулыларының көшірмесін уақытылы алу және тіркеу, есепке алу жұмыстарын жүргізеді: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысы, Үкімет қаулысы мен өкімдері, Коллегияның шешімдері, ҚР ІІМ бұйрықтары және жарғыларымен танысқаннан кейін Қазақстан Республикасы ІІМ құжатпен қамту басқармасына қайтару немесе сақтауды қамтамасыз ету; құжат айналымының жағдайына талдау жасау; жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді тіркеу, есепке алуды жүргізу; қызметтерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы алуды бақылауды және қарастыруды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша есеп құрастыру; басшылықпен азматтарды қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру; өтініштерге жауапты пошта бөлімдері арқылы жіберуді ұйымдастыру; құрылымдық бөліністерде өтініштер бойынша іс-жүргізуді бақылауды жүзеге асыру; шығыс корреспонденцияларды адресаттарға жіберу және рәсімдеу тәртібі бойынша бақылауды жүзеге асыру; қатаң есептегі бланктерді жазу және сақтау, есепке алуды жүзеге асыру; құжаттарды тұрақты және уақытша сақтау мерзімді номенклатуралық істе сұрыптау және ведомстволық мұрағатқа тапсыру; қызметтік тексеріс және тәжірибелік пен методикалық көмек көрсету үшін ҚАЖ Комитетінің аймақтық бөліністері мен білім беруді ұйымдарына сапарларға шығады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.08.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.08.2021 – 18.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

20.08.2021

Сұхбаттасу орны

010000, Нұр-Сұлтан қаласы Бейімбет Майлин к-сі, 2 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8 (717-2) 72-30-64