Құжаттамамен қамтамасыз ету тобының жетекші маманы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Департаментте және оның аумақтық органдарында орындаушылық тәртібінің жағдайына талдау жүргізіп, бақылайды. Құжат айналымдарын тіркейді және есеп жүргізеді. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерімен жұмыстар жүргізеді. Департаменттің құрылымдық аумақтық бөлімшелерінде орындаушылық тәртіптеріне бақылау жүргізеді. Кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеуге жауап береді. Қызметтік құжаттарды уақытылы алуға жауап береді, олардың Департаменттің қызметтерінде орындалуын бақылайды. Құжаттардың дұрыс ресімделуіне тексеріс жүргізеді. Департамент басшылығының бұрыштамасына сәйкес, құжаттарды орындауға береді. Департаменттің мекен-жайына келіп түскен заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне есеп жүргізеді. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша есеп құруға жауап береді. Департаменттің құжат айналымдарының жағдайын тоқсан сайын талдайды. Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінде құжаттарды орындаудың бақылау жағдайына тексеріс жүргізеді. Өзінің құзіретті шегінде Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерімен нұсқауларды орындау үшін міндеттемелер береді. Департаменттің қатаң есептілік бланкілерінің есебіне жауап береді (Департаменттің гербті бланкілері, бұйрықтар бланкілері). Тапсырмаларды уақытылы орындау. Тапсырмаларды орындауға тексеріс жүргізу барысында анықталған кемшіліктерді жою.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.02.2021
- Петропавл қ. Токсан би көшесі, 39
-
87152336856