(25.05.2022 жылға дейін негізгі қызметкердің оқуға арналған демалысы уақытына уақытша бос лауазым) ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті Тылдық қамтамасыз ету басқармасы күрделі құрылыс тобының сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасы заңнамасын, 2050 жылға дейін Қазақстанды дамыту стратегиясын, Қазақстан Республикасының осы санаттағы нақты лауазымның маманданымына сәйкес салада қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуіне тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі. Практикалық тәжірибе - үлгі біліктілік талаптарына сәйкес, компьютерде жұмыс істей білу.

Функционалды міндеттер

Республикалық бюджет жобасына енгізу үшін ҚАЖ объектілерін салу және реконструкциялау үшін бюджеттік өтінімдерді қабылдайды. ІІМ ҚР ҚАЖ объектілеріндегі күрделі жөндеу мен құрылыс жұмыстарына бақылау жасайды. Құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарының сұрақтары бойынша арыз, өтініштерді қарастырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 26.11.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.11.2020 – 08.12.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

010000 Нұр-Сұлтан қ, Беймбет Майлин көшесі, 2 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8 (717-2) 72-30-64