Нұр-Сұлтанқаласы бойынша ҚАЖ Департаменті құжаттамалық қамтамасыз ету тобының жетекші маманы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

    Функционалды міндеттер

    «Бірыңғай электронды құжатайналым жүйесіндегі» кіріс, шығыс құжаттарды, департамент мекен жайына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеп есепке алуды, орындалағаны туралы бақылауды орнатуды іске асырады. Департаментке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің мерзімінде тіркелуіне жеке жауапты болып табылады. Шығыс құжаттарын арнайы және пошталық байланыс құралдары арқылы жөнелтуді іске асырады. Департаменттің қызметтері, бөлімдеріне жоғарғы органдардан келіп түскен Президент Жарлығы, Үкімет қаулылары, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚАЖ комитеті және департамент  бұйрықтарын көшірмесін есепке алуды, тіркеуді және мерзімінде таратуды іске асырады. Департаменттің қатаң есептегі бланктерін есепке алу, сақтау және жою жұмыстарын іске асырады. ҚАЖ Комитетіне жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қарастыру бойынша есептілік нысаның дайындайды. Департаменттің құпия емес номенклатуралық істерін қалыптастырады. Жүйелі түрде қызметтік құжатайналымына талдау жасап атқарушылық тәртіптің деңгейі туралы ақпарат әзірлеп Департамент қызметінде құжаттамалық қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша басшылыққа ұсыныстар береді. Бағынышты мекемелердегі істердің дұрыс ресімделуі мен құрастырылуына бақылау орнатады. Құжаттамалық қызметтің қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында семинар-кеңестер, құжаттандыру және құжаттаманы басқару сұрақтары бойынша кеңестер беруді ұйымдастырады. Бағынышты мекемелердің құжаттар айнылымын сапалы ұйымдастыруын тексеру шараларын іске асырып, қорытындысы бойынша жол берілген кемшіліктерді анықтап жол берген тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тару сұрақтарымен  басшылыққа ұсыныс береді. Департаменттің бағынышты мекемелеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек ұсыну бойынша іссапарға жолданады. Департамент басшылығының нұсқауы  және ҚР ІІМ регламентінен өрбитін басқа қызметтерді атқарады. Қойылған мақсаттарға сәйкес өз қызметінде басқа да міндеттерді іске асырады.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 12.03.2020

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    20.03.2020
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Нұр-Сұлтан қаласы Шынтас тұйық көшесі 14 А

    Анықтама алу үшін байланыс

    8 (7172) 273392