Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Функционалды міндеттер
Комитеттің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын жүзеге асыру; Комитеттің бөліністері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру; Комитеттің және төрағаның бұқаралық ақпарат құралдарында бедел-бейнесін қамтамасыз ету; PR-шараларын, баспасөз-конференциялары мен сұқбат беруді, баспасөз-турларын ұйымдастыру және өткізу, баспасөз-релиздерін дайындау; Медиа-жоспар әзірлеу; Бұқаралық ақпарат құралдарында ҚАЖ қызметін жариялау, аймақтық ҚАЖ департаменттерінің баспасөз қызметіне жалпы басшылық жасау және ұйымдастыру; мемлекеттік органдарға есептерді уақытында беру; кіріс және шығыс құжаттарды уақытылы дайындау; интернет кеңістігіне, баспа және электронды БАҚ беттеріне күнделікті мониторинг жүргізу; теріс көзқарасты немесе проблемалық ақпараттарға дер кезінде ден қою бойынша жұмысты ұйымдастыру; БАҚ-тың сұраныс хаттарына жауап дайындау және жолдау, ҚАЖ комитетінің ресми өкілі ретінде сөз сөйлеу; Комитеттің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына ақпарат орналастыру бойынша жұмысты үйлестіру; Жоғары тұрған басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- г.Нур-Султан ул. Беймбет Майлина, дом 2,
-
8 (717-2) 72-30-64