Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бейінін өзгерту туралы

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бейінін өзгерту туралы

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің тұрғын қорын оңтайлы пайдалану мақсатында ІІМ басшылығы Абай облысының №19 мекемесін қайта бейіндеу туралы мәселені қарастыруда.
№19 мекеменің түрін қауіпсіздігі аралас мекемеден қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге өзгерту жоспарлануда.
№19 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар ұстау режимі ұқсас Қарағанды облысының №34 мекемесіне этаппен жөнелтілетін болады.
№34 мекемеде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бойынша барлық қажетті шаралар жүргізілді. 2022 жылы құзыретті қызметтерден ұсталатын адамдардың денсаулығы үшін толық қауіпсіз екендігі туралы қорытынды алынған.