«Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына және Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

     Жоба «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.

     Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген сотталғандарды заңға бағынушылық мінез-құлыққа ынталандыру мақсатында бас бостандығынан айыру мерзімдерін бір айға шартты түрде қысқарту тетігін қолдану ұсынылады. Аталған тапсырма Мемлекет басшысының 2025 жылғы 23 маусымда өткен құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысында берілді.

     Сондай-ақ Мемлекет басшысының 2025 жылғы 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталған әйелдердің жазаны өтеу жағдайларын жақсарту бөлігінде түзетулер енгізілуде.

     Жобаны қабылдау азаматтар мен ұйымдар үшін әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

     Жобаның мәтіні ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланған: Ашық НҚА | НҚА (egov.kz).

     Осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.