Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы


2021 жылғы 28 қаңтарда сағат 17:00-де Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаеваның төрағалығымен онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.
Отырыста: ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманың новеллалары, сондай-ақ жергілікті өкілді органдар қызметінің ашықтығы мәселесі (сессиялардың онлайн-трансляциясы, сайттағы ақпараттың толықтығы мен өзектілігі) қаралатын болады.
Отырыстың тікелей көрсетілімі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі https://www.facebook.com/qogam.gov.kz/ ресми парақшасында өтеді.
Оқиға күні
28 қаңтар 2021
Өткізу орны
https://www.facebook.com/qogam.gov.kz/
Оқиға түрі
Отырыс