
Технологияларды дамытудың қазіргі заманғы деңгейін және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік құпияларды техникалық қорғауды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, ақпараттандыру, ақпараттық қамтамасыз ету және ҚАЖ-дың бөліністері бойынша байланыспен қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру мен үйлестіру мақсатында құрылған бағыт.
Функциялар:
Технологияларды дамытудың қазіргі заманғы деңгейін ескере отырып, ҚАЖ ақпаратын ақпараттандыру, байланыс, ақпараттық қамтамасыз ету және техникалық қорғау саласында бірыңғай саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру.
Ақпараттандыру, байланыс және ақпаратты техникалық қорғау саласындағы ҚАЖ қызметін техникалық қамтамасыз ету.
ҚАЖ қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру.
Өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистиканы жетілдіру және ҚАЖ бөлімшелерінде ведомстволық статистикалық есептілікті қалыптастыру .
ҚАЖ-да Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңнама негіздерінің орындалуына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты және бақылауды жүзеге асыру.