Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі – ҚАЖ комитеті)«Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 бұйрығы шеңберінде(бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
ІІМ-нің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 бұйрығына сәйкес ҚАЖ комитетінің номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдіргенқызметкерлер «Документолог» жүйесі арқылыүлгіге сәйкес баянат және қалыптастырылған қызметтік тізімдіІІМ ҚАЖ көмитеті Тәрбие және кадр жұмысы басқармасынахабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Жоспардан тыс аттестаттауға мына қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін(ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
ІІМ ҚАЖ комитеті номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
- ІІМ ҚАЖ комитеті Орталық аппаратынаC-SV-8 санаты;
- қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аумақтық бөліністеріне C-SGU-5 санаты;
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқан қызметкерлер жіберілмейді.
Сұрақтар туындаған жағдайда ІІМ ҚАЖ комитеті Тәрбие және кадр жұмысы басқармасына хабарласуға болады, каб. № 9, 31, анықтама телефондары 8 (7172) 72-30-27, 72-30-93,электрондық мекенжайлар i.nokina@mvd.gov.kz, d.baimagambetova@mvd.gov.kz.
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.
ІІМ ҚАЖ комитеті Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің орынбасары –
ҚАЖ комитетінің төрағасы
әділет полковнигі
А.С. Қайырбеков мырзаға
Баянат
Мені жоғары тұрған басшылық лауазымға кандидатурамды қарау үшін жоспардан тыс аттестаттауға жіберуіңізді сұраймын.
____________________
(лауазымы, атағы, Т. А. Ә., қолы)