Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметке қабылдау туралы хабарлайды

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшылық құрамның бос лауазымдарына қызметке қабылдау туралы хабарлайды

(құқық қорғау қызметі)

 

ҚАЖ қызметкерлері үшін жеңілдіктер:

Тұрақты еңбекақы. Қызметөтіліқызметөткергенбіржылыбіржарымжылғажеңілдікпенесептеледі. Зейнетке 48 жаста «әділет майоры» атағынадейіннемесежеңілдікпенесептелген 25 жыл (күнтізбелікесеппен 16 жыл 8 ай) қызметөткергенкездешығаалады. Зейнетақыменмемлекетесебіненқамтамасызетіледі. Еңбекдемалысықызметөтілінеқарай 30 күннен45күнгедейін. Еңбекдемалысынаекіжалақысымөлшеріндежылсайынсауықтыружәрдемақысытөленеді. Тұрғынүйіжоқтұлғаларүшінотбасыныңәрбірмүшесіүшін 80 мыңтеңгеесептеліпжекеарнайышотынааударылыптұрады.

 

 

Лауазымдықжалақылары (теңге)

 

Санаты

Еңбексіңіргенжылдарынабайланысты

min

мax

С- SV-8

235570

362758

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, 010000, Астана қаласы Бейімбет Майлин к-сі, 2 үй, анықтама телефоны, факс (8-717-2)72-30-64, электрондық мекенжайы: a.zhunisova@mvd.gov.kzбосқұқық қорғау орынға конкурс жариялайды:

.

 

Тылдық қамтамасыз ету басқармасы күрделі құрылыс тобының бас маманы(С-SV-8, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде ҚАЖ ведомстволық бағынысты бөліністерінің құрылыс, қалпына келтіру және күрделі жөндеу мәселелері бойынша қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Ведомстволық бағынысты бөліністерінен ақпараттарды жинап, талдауды жүзеге асырады. Жаңа ҚАЖ объектілерін салуға, қалпына келтіруге, объектілерді күрделі және ағымдық жөндеуге бөлінетін капитал салымдарының тиімді пайдаланылуын бақылайды. Мердігерлік ұйымның құрылыс-монтаж жұмыстарын сапалы орындауына бақылауды жүзеге асырады.ҚАЖ комитетіне бекітуге түскен жобалау-сметалық құжаттамаға тексеріс жүргізеді. Жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысады. ҚАЖ комитеті мен оның аумақтық бөліністерінің салу, қалпына келтіру, күрделі және ағымдық жөндеу мәселелері бойынша бюджеттік өтінімді қалыптастыру жұмысын жүргізеді. ҚАЖ комитеті мен оның аумақтық бөліністерінің салу, қалпына келтіру, күрделі және ағымдық жөндеу мәселелері бойынша бюджеттік өтінімді қалыптастыру жұмысын жүргізеді. Өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасады. ҚАЖ объектілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарын тексеру мақсатында қызметтік іссапарларға шығады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары техникалық  білім, мамандығы - құрылыс. Жасы отыз бестен аспаған, міндетті әскери қызметін өткен немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес міндетті әскери қызметінен өту кейінге қалдырылған, бойы  165 см-ден кем емес - әйелдер, 170 см-ден кем емес – ер адамдар.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) құқық қорғау қызметінде қызмет өтілі үшжылдан кем емес;

      2) арнайы мемлекеттік органдарында немесе әскери қызметте немесе судья ретінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

3)мемлекеттік қызметте қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

      4) осы санаттардағы салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      5) Президенттік жастар кадрына қыблданған адамдар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

      

Қызметке қабылдау тәртібі:

Іріктеуге қатысу үшін тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары ҚАЖ комитеті кадр қызметіне келесідей құжаттар тапсырады (оның ішінед электронды форматта):

1) ерікті нысанда жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген өтініші;

 2) кандидаттың жиынға қатысуға келісімі, оның жеке деректерінің жиынтығы;

 3) ҚР ІІМ 2020 жылғы 13 наурыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Бастапқы кәсіби даярлыққа іріктеу қағидаларының 1 қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған анкета;

 4) қағиданың 2 қосымшасына сәйкес нысанда кадр есебі бойынша толтырылған парағы;

 5) өз қолымен жазылған немесе қағиданың 3 қосымшасына сәйкес нысанда басылған толтырылған толық өмірбаяны;

 6) нотариалды бекітілген білімі туралы құжаттарының көшірмелері;

 7) нотариалды бекітілген еңбек қызметін растайтын құжаттар көшірмелері (бар болған жағдайда);

 8) нотариалды бекітілген әскери билетінің немесе шақырту учаскесінде тіркелгені туралы куәлігі (бар болған жағдайда);

 9) соңғы жұмыс орнынан (оқуынан) немесе кандидаттың қызмет өткерген әскери бөлімінен мінездеме;

 10) Қазақстан Республикасы азаматының жекебасын куәландыратын құжатының көшірмесі;

11) біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпараттар (біліктілігін көтеру, ғылыми дәреже (академиялық) атақтар беру және білімі туралы, спорттық жетістіктерін растайтын құжаттар, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдары мен тағы басқалар  (бар болған жағдайда);

 12) өзінің және жұбайының кірістері мен мүліктері туралы декларацияны тапсырған анықтамасы 2 данада.

 

Құжаттардың толық пакетін ұсынбау оларды қараудан бас тартудың негізі болып табылады.

 

Құжаттарын тапсырған соң кандидатқа:

1) әскери-дәрігерлік комиссиядан (бұдан әрі - ӘДК) медициналық және психофизиологиялық куәландырудан;

  • полиграфологиялық зерттеуден өтуге жолдама беріледі.

 

                                              


ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті ТжКЖБ

Дата публикации
27 августа 2024