«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығы жобасына баспасөз парағы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын әзірледі (бұдан әрі - жоба).
Жоба нормативтік құқықтық актілердің мониторингі, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны орындауды жетілдіру шеңберінде әзірленді.
Жоба ІІМ-нің мына:
3) «Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 26 шілдедегі №505 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Жобада ҚАЖ мекемелерінде электронды сауда алаңдарының (дүкендер) жұмыс жасауы мүмкіндігі, сотталғандардың қолданбалы өнер және шығармашылық көркемөнер секциясы жұмысын жетілдіру, сондай-ақ ҚАЖ мекемелеріндегі күн тәртібінің өзге де мәселелері көзделген.
Жоба 2020 жылғы 4 тамызда «Ашық НҚА» https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=4518385 интернет-порталында «құқықтық көмек» тарауында жарияланған.