ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық – атқару жүйесі комитеті шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің  Қылмыстық – атқару жүйесі комитеті, мына мекен-жайда орналасқан: 010000 Нұр-Сұлтан қаласы Бейімбет Майлин көшесі, 2 үй, анықтама телефондары: 8 (717-2) 72-30-64, 72-30-27, электрондық мекенжай A.Zhuzbaeva@mvd.gov.kz.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

  • Қажетті жоғары білімінің және кәсіби даярлық деңгейінің біліктілік талаптарына сай болуы;
  • Басшы лауазымдарында мамандық бойынша жұмыс өтілінің бар болуы, соның ішінде  кәсіпорында экономика саласында үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес  5 жылдан кем емес; 
  • Қылмыстық-атқару жүйесіне қатысты нормативтік актілерді білуі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші тұлға конкурс өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру шыққан күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде конкурстық комиссияға төмендегі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • Ерікті түрде өмірбаян;
  • Білімі туралы құжаттар көшірмесі;
  • Еңбек кітапшасының көшірмесі (қолма қол болған жағдайда) немесе еңбек шарты, не соңғы жұмыс орнынан қабылданған және еңбек келісім шартын тоқтатқаны туралы бұйрықтардың кесіндемесі;
  • Белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

 

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты (біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сонымен қатар алдынғы жұмыс орнының басшыларының  ұсынымдары және т.б.)  қосымша анықтамалар ұсына алады.

Дата публикации
10 октября 2022