Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі

2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі

2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, сондай-ақ Жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:

1) Жоспарды іске асыру үшін бойынша шараларды қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке) Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы ақпаратты жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісім бойынша) келесі есептік жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей, жоспардың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі бойынша іс-шаралардың орындалуын бағалау және жүргізілген мониторинг туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсынсын.

4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жыл қорынтындысы бойынша Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпаратты есептік жылдан кейінгі 15 наурыздан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
29 января 2022