Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласында орналасатын «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
  2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы
    № 607 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі туралы ережеде:

16-тармақта:

орталық аппараттың функциялары:

«мынадай мазмұндағы 95-99) тармақшамен толықтырылсын:

«95-99) күдіктілер, айыпталушылар, сотталғандар және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің сәбилер үйлеріндегі балалар үшін тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер – аумақтық органдардың және оның ведомстволарының тізбесінде:

 

 

«2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті» деген бөлімде:

реттік нөмірі 14-жол алып тасталсын;

реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.».

  1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                             А. Мамин

 

Дата публикации
15 декабря 2021