|
№ |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылған редакция |
Негіздеме |
||||||||||
|
1. |
2 - тармақ |
2. Пробация қызметі есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсетеді. |
2. Пробация қызметі есепте тұрған адамдарға олардың әлеуметтік-құқықтық көмек алу тәртібін түсіндіреді.
|
Пробация қызметтерінің әлеуметтік-құқықтық көмек алуға мынадай негіздер бойынша жәрдем көрсету функциясын алып тастауға байланысты. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әкімдік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды (27-бап 16-2) т.т., 31-бап, 14-3)-т.т), 35-бап 12-1-т.т.).«Пробация туралы» Заңымен Пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға пробациялық бақылау және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету нысандарында пробация жүзеге асырылады деп көзделген. Пробациялық бақылауды пробация қызметі жүзеге асырады және ол сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсетеді. Әлеуметтік-құқықтық көмек жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі. Бүгінгі күні тәжірибе, пробация қызметіне көмек көрсетудің қажеті жоқ егендігі көрсетті, өйткені әлеуметтік оңалту жүйесі құрылып, онда негізгі рөл жергілікті атқарушы органдарға берілді («Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы») Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 387 Жарлығы).Әлеуметтік-құқықтық көмек алу тетігі мұқтаж адамның бастамашылық өтініш жасауын көздейді. Осылайша, пробация қызметтерінің әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдемдесу институты жергілікті атқарушы органдардың функцияларын қайталайды. Егер жеке бағдарламалар жасай отырып, пробация қызметінің қызметкерлері оларды денсаулық сақтау, білім беру, еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға жіберетінін ескеретін болсақ, онда пробация қызметі қызметкерлерінің бұл функцияны жүзеге асыруы орынсыз. . |
||||||||||
|
2. |
3 - тармақ |
3. Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар сотқа дейінгі, үкімдік, пенитенциарлық және пенитенциарлықтан кейінгі пробация қолданылатын адамдарға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пробация қызметі әзірлеген әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына (бұдан әрі – жеке бағдарлама) және осы Қағидаларға |
3. Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар сотқа дейінгі, үкімдік, пенитенциарлық және пенитенциарлықтан кейінгі пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді. Пенитенциарлық пробация қолданылатын адамдар үшін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік–құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын (бұдан әрі - жеке бағдарлама) жасайды. |
|||||||||||
|
3. |
4-тармақтың 1-абзацы, 4-тармақтың 1) тармақшасы |
4. Әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсету сотқа дейінгі, үкімдік, пенитенциарлық және пенитенциарлықтан кейінгі пробация қолданылатын адамдарға қатысты жүзеге асырылады. Оларды есепке қою кезінде пробация қызметі: 1) денсаулық жағдайын анықтай отырып, адамның жеке басын, оның білім деңгейін және жұмыспен қамтылғандығын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын зерделейді, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды; |
4. Пробация қызметі сотқа дейінгі, үкімдік және пенитенциарлықтан кейінгі пробация қолданылатын адамдарды есепке қою кезінде: 1) денсаулық жағдайын анықтай отырып, адамның жеке басын, оның білім деңгейін және жұмыспен қамтылғандығын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын зерделейді, сондай-ақ өзге де мәліметтерді анықтайды; |
|||||||||||
|
4. |
6-тармақ |
6. Жеке бағдарламаға пробация қызметінің есебінде тұрған адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қажеттігі туралы ақпарат енгізіледі. |
6. Жеке бағдарламаға пенитенциарлық пробация қолданылатын адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қажеттілігі туралы ақпарат енгізіледі. |
|||||||||||
|
5. |
7-тармақ |
7. Жеке бағдарламаның бір данасы: 1) шартты түрде сотталғанның бақылау ісіне; 2) бас бостандығын шектеуге сотталған адамның жеке ісіне; 3) бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жинақтау ісіне; 4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамға қатысты сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамның жинақтау ісіне; 5) бас бостандығынан айыруға сотталған адамның жеке ісіне; 6) сотқа дейінгі пробацияға жататын адамның жинақтау ісіне; 7) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру айыппұлға ауыстырылған адамның жинақтау ісіне; 8) сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімін өтеген адамның жинақтау ісіне қосылады. Жеке бағдарламаның екінші данасы пробация қызметінде есепте тұрған адамға қол қойылып беріледі.
|
7. Пенитенциарлық пробация қолданылатын адам жеке бағдарламамен қолын қойып танысады. Жеке бағдарлама сотталғанның жеке ісіне тігіледі. Жеке бағдарламаның көшірмесі жергілікті атқарушы органдарға, денсаулық сақтау, білім беру органдарына және басқа да мемлекеттік, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдарға жіберіледі. |
|||||||||||
|
6. |
8-тармақ |
8.Пробация қызметінің есебінде тұрған адамға жаза өтеу кезеңінде қосымша немесе өзге көмек алу мүмкіндігі туындаған жағдайда жеке бағдарламаға екі жақты келісім бойынша тиісті түзетулер енгізіледі. Егер жазасын өтеген адамның баспанасы жоқ болған немесе баспанасынан айрылып қалған жағдайда пробация қызметінің қызметкері адамның келісімімен арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін уақытша тұру ұйымдарына орналастыру үшін оны жергілікті атқарушы органдарға жолдайды.
|
8. Пенитенциарлық пробация қолданылатын адамға жаза өтеу кезеңінде қосымша немесе өзге де көмек алу қажеттілігі туындаған жағдайда, жеке бағдарламаға тиісті түзетулер енгізіледі. Егер жазасын өтеген адамның баспанасы жоқ болған немесе баспанасынан айрылып қалған жағдайда, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігі адамның келісімімен оны арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін уақытша тұру ұйымдарына орналастыру үшін оны жергілікті атқарушы органдарға жолдайды. |
|||||||||||
|
7. |
9-тармақ |
9. Бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған немесе сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамдар өзі алатын әлеуметтік-құқықтық көмектің барысы туралы есеп беру үшін айына бір рет пробация қызметіне келеді. |
9. алып тасталсын |
|||||||||||
|
8. |
10-тармақ |
10. Пробация қызметінде есепте тұрған адам әлеуметтік-құқықтық көмек алудан бас тартқан жағдайда – пробация қызметінің қызметкері, ал пенитенциарлық пробацияға жататын адамға қатысты пробация қызметінің қызметкерлері қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тиісті акті жасайды, ол іске қосылады. |
10. Пенитенциарлық пробацияға жататын адам бас тартқан жағдайда қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігі еркін нысанда тиісті акті жасайды. |
|||||||||||
|
9. |
11-тармақ |
11. Пробациялық бақылау, әкімшілік қадағалау мерзімі өткеннен кейін және пробация қызметінің есебінен шығарылғаннан соң мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар көрсететін әлеуметтік-құқықтық көмек жеке бағдарламаға сәйкес жалғасады. |
11. Пробациялық бақылау, әкімшілік қадағалау мерзімі өткеннен кейін және пробация қызметін есебінен шығарылғаннан соң мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар көрсететін әлеуметтік-құқықтық көмек жалғасады. |
|||||||||||
|
10. |
14-тармақ |
14. Медициналық көмек мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде көрсетіледі. Медициналық көмек көрсету үшін пробация қызметі жеке бағдарламаның көшірмесін олардың тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді.
|
14. Медициналық көмек мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.
|
|||||||||||
|
11. |
16-тармақ |
16.Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға құқықтық көмек мынадай көрсетілетін қызметтерді көздейді: 1) олардың қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеу; 2) әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беру; 3) өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жағдай жасайтын мәселелерді шешуге ықпал ететін заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу. Құқықтық көмек көрсету үшін пробация қызметі жеке бағдарламаның көшірмесін олардың тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
|
16. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға құқықтық көмек мынадай көрсетілетін қызметтерді көздейді: 1) олардың қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеу; 2) әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беру; 3) өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жағдай жасайтын мәселелерді шешуге ықпал ететін заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу.
|
|||||||||||
|
12. |
18-тармақ |
18. Жоғарыда аталған санаттағы адамдардың өзге көмек алуға қажеттілігі туындаған жағдайда пробация қызметі жеке бағдарламаның көшірмесін олардың тұрғылықты жері бойынша тиісті ұйымдарға жібереді. |
18. алып тасталсын |
|||||||||||
|
13. |
|
19. Направление копии индивидуальной программы в местные исполнительные органы, органы здравоохранения, образования и другие государственные, а также негосударственные организации службой пробации осуществляется в течение трех рабочих дней после составления индивидуальной программы. Жергілікті атқарушы органдарға, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да мемлекеттік органдарға, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдарға жеке бағдарламаның көшірмелерін жіберуді пробация қызметі жеке бағдарлама жасалғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. |
19. Жергілікті атқарушы органдарға, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да мемлекеттік органдарға, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдарға жеке бағдарламаның көшірмелерін жіберуді қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігі жеке бағдарлама жасалғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. |
|||||||||||
|
14. |
|
20. Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар жеке бағдарламаның көшірмесін алғаннан кейін пробация қызметін он бес күн ішінде өздері көрсететін көмек туралы немесе оны көрсетудің мүмкін еместігі туралы хабардар етеді. |
20. Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар жеке бағдарламаның көшірмесін алғаннан кейін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігін он бес күн ішінде өздері көрсететін көмек туралы немесе оны көрсетудің мүмкін еместігі туралы хабардар етеді. |
|||||||||||
|
15. |
|
Нысан ____________________________________________________________________ (пробация қызметінің атауы) Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасыМен,___________________________________________________________ (пробация қызметінің бастығы (аға инспектор, инспектор) қызметкердің тегі, аты-жөні) _____________________________________________________________ тұратын (мекенжайы) (тегі, аты, әкесінің аты) денсаулық жағдайының, білім деңгейі мен жұмыспен қамтылуының, тұрғылықты жерінің бар-жоғының, сондай-ақ өзге де мәліметтердің (сотқа дейінгі, үкімдік немесе пенитенциарлықтан кейінгі пробацияға жататын адамдар) (қажетінің астын сызу) нәтижелері бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасадым, ол мынадай әлеуметтік-құқықтық көмектің көрсетілуіне мұқтаж: 1) медициналық қызмет алуға (қажет болған жағдайда); 2) құқықтық көмекке (қажет болған жағдайда): пробация қызметінің есебінде тұрған адамның қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеуге; әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беруге; өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жағдай жасайтын мәселелерді шешуге ықпал ететін заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесуге; 3) білім алуына көмек көрсетуге (қажет болған жағдайда); 4) кәсіпті меңгеруіне және жұмысқа орналастыруға (қажет болған жағдайда); 5) арнаулы әлеуметтік кызметтер көрсететін (жазасын өтеген адамның тұрғын үйі болмаған немесе одан айырылған жағдайда) уақытша тұру ұйымына орналастыруға; 6) өзге де көмек алуға (қажет болған жағдайда). Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын пробация қызметінің бастығы (аға инспектор, инспектор) жасады ________________ ________________ _____________________ (атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні) 20___ жылғы "___" ______________ М.О. Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасымен таныстым және келісемін ___________________________ ________________ (адамның тегі және аты-жөні) (қолы) 20___ жылғы "___" _____________
|
1-қосымша алып тасталсын |
|||||||||||
|
16. |
|
|
____________________________________________________ Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы Мен,___________________________________________________ 1) медициналық қызмет алуға (қажет болған жағдайда); 2) құқықтық көмекке (қажет болған жағдайда): пробация қызметінің есебінде тұрған адамның қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеуге; әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беруге; өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жағдай жасайтын мәселелерді шешуге ықпал ететін заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесуге; 3) білім алуына көмек көрсетуге (қажет болған жағдайда); 4) кәсіпті меңгеруіне және жұмысқа орналастыруға (қажет болған жағдайда); 5) арнаулы әлеуметтік кызметтер көрсететін (егер жазасын өтеген адамның тұрғын үйі болмаған немесе одан айырылған жағдайда) уақытша тұру ұйымына орналастыруға; 6) өзге де көмек алуға (қажет болған жағдайда Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын мекеменің сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөнiндегi қызметкері жасады. __________________ ___________ _______________________________ 20___ жылғы "___" ______________ М.О. Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасымен таныстым және келісемін _____________________________________ ________________ (адамның тегі және аты-жөні) (қолы)
20___ жылғы "___" _____________ |
|||||||||||