Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға "с-4"санаты бойынша жалпы конкурс жариялау.

«"Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына сәйкес.

 [b]C-4 санаты бойынша:[/b] Жоғары білім;

[b]Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық еңбек ақысы:[/b]

[b]Санаты[/b]           [b]Еңбек сіңірген жылдарына байланысты[/b]

                              [b]min[/b]                [b]max[/b]

[b]    C-4[/b]                                   

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-4

138248

186551

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы Бейімбет Майлин к-сі, 2 үй, анықтама телефоны, факс (8-717-2)    72-30-64, электрондық мекенжайы: a.zhuzbaeva@mvd.gov.kz әкімшілік мемлекеттік бос орынға жалпы конкурс жариялайды:

 

[b]Лауазым туралы мәлімет:[/b] бос лауазым ҚАЖ комитеті Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы бухгалтерлік есеп және есептілік тобының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: жұмысшылар мен қызметшілерге ақшалай ұстаным, еңбекақы, емделуге арналған жәрдемақы, іссапарлық шығыстарды, ерекше шығындар мен басқа да төлемдерді төлеу үшін Қазынашылықтың атаулы чегі бойынша және (немесе) корпоративтік төлеу карточкасы бойынша екінші деңгейдегі банктен күн сайын ақшалай қаражат алады. Күн сайын жұмыс күні соңында бір күнгі операциялардың қорытындыларын санайды, келесі күнге кассада қалған ақшаның қалдығын шығарады. Нақты қолда бар ақшамен кассадағы қолма-қол ақшаның қалдығын күн сайын салыстыра тексереді. Кассалық кітапты жүргізеді. Қылмыстық істер бойынша азаматтардан алынған кассада сақталатын бағалы заттар мен ақшалай қаражатты есепке алуды жүргізеді. Қолма-қол ақшалай қаражаттың мақсатты пайдаланылуын есепке алу кітабын жүргізеді. 120 «Касса», 177 «Депозиттелген еңбекақы бойынша есеп айырысулар» көмекші шоттарын аналитикалық есепке алуды жүргізеді. «Кассалық операциялар бойынша жинақтау ведомосі» (№ 381 нысан) № 1 мемориалдық ордерін құрастырады. Күн сайын нысанды мақсаттар бойынша кассадан ақшалай қаражат беруді жүргізеді. Еңбекақы, емделуге арналған жәрдемақы, өтемақыларды, демалыс және басқа да төлемдерді, алименттерді төлеуге (төлеуге есептерді) ақшалай қаражат есептеуге құжаттар дайындауды жүргізеді.  Министрліктің орталық аппаратында қалааралық сөйлесулердің лимиттерін бақылауды жүзеге асырады, министрліктің қызметтерімен осы мәселе бойынша хат алмасуды жүргізеді. Қатаң есептегі бланкілерді сақтауды және есепке алуды жүзеге асырады. ҚАЖК қолма-қол ақшаны бақылау есептері бойынша көшірмелер мен олардың тиісті құжаттарын Қазынашылық органдарынан алады. Басқарма бастығының нұсқауы бойынша басқа да тапсырмаларды орындайды. Бухгалтерлік құжаттарды тігуді жүзеге асырады, бухгалтерлік құжаттарды сақтауды, оларды мұрағатқа дайындауды және тапсыруды, сақтау мерзімі өткен соң жоюды ұйымдастырады.

 

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - жоғары экономикалық. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

 

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  6. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

[b]Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:[/b]

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

 

  1. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

      1) Өтініш;

      2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

 

        Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

 

Дата публикации
20 декабря 2021