Ішкі істер министрлігі «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.
Ұқсас қылмысы үшін пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасауының алдын алу мақсатында, оларға қатысты жазаны өтеудің бүкіл мерзімі кезеңінде электрондық бақылау құралдарын қолдану ұсынылады.
Жоба 2021 жылғы 13 тамызда «Ашық НҚА» интернет-порталында «Құқықтық көмек» https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=10732286 бөлімінде орналастырылды.
Қосымша: 4 парақта (бұйрық жобасы).
А.Тереня