"Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына сәйкес.
[b]C-5 санаты бойынша:[/b] Жоғары білім;
[b]Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық еңбек ақысы:[/b]
[b]Санаты[/b] [b]Еңбек сіңірген жылдарына байланысты[/b]
[b]min[/b] [b]max[/b]
[b] C-5[/b]
|
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
|
C-5 |
104102 |
140746 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы Бейімбет Майлин к-сі, 2 үй, анықтама телефоны, факс (8-717-2) 72-30-64, электрондық мекенжайы: a.zhuzbaeva@mvd.gov.kz әкімшілік мемлекеттік бос орынға жалпы конкурс жариялайды:
[b]Функционалды міндеттері:[/b] Құпия және құпия емес корреспонденцияларды алу мен жіберуді қамтамасыз ету. «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар ҚАЖ Комитеті қызметтері мен Ішкі істер Министрі мен ҚАЖ Комитеті бұйрықтарын, Президент және Үкімет Жарғылары мен өкімдері, қаулыларының көшірмесін уақытылы алу және тіркеу, есепке алу жұмыстарын жүргізеді;
ЭҚАБЖ-да кіріс, шығыс және ішкі корреспонденцияларды қабылдау және тіркеуді жүзеге асыру; Комитеттің құрылымдық бөліністеріне қызметтік құжаттарды уақытылы жіберуді ұйымдастыру: ҚАЖ Комитеті қызметтері мен Ішкі істер Министрі мен ҚАЖ Комитеті бұйрықтарын, Президент және Үкімет Жарғылары мен өкімдері, қаулыларының көшірмесін уақытылы алу және тіркеу, есепке алу жұмыстарын жүргізеді: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысы, Үкімет қаулысы мен өкімдері, Коллегияның шешімдері, ҚР ІІМ бұйрықтары және жарғыларымен танысқаннан кейін Қазақстан Республикасы ІІМ құжатпен қамту басқармасына қайтару немесе сақтауды қамтамасыз ету; құжат айналымының жағдайына талдау жасау; жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді тіркеу, есепке алуды жүргізу; қызметтерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы алуды бақылауды және қарастыруды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша есеп құрастыру; басшылықпен азматтарды қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру; өтініштерге жауапты пошта бөлімдері арқылы жіберуді ұйымдастыру; құрылымдық бөліністерде өтініштер бойынша іс-жүргізуді бақылауды жүзеге асыру; шығыс корреспонденцияларды адресаттарға жіберу және рәсімдеу тәртібі бойынша бақылауды жүзеге асыру; қатаң есептегі бланктерді жазу және сақтау, есепке алуды жүзеге асыру; құжаттарды тұрақты және уақытша сақтау мерзімді номенклатуралық істе сұрыптау және ведомстволық мұрағатқа тапсыру; қызметтік тексеріс және тәжірибелік пен методикалық көмек көрсету үшін ҚАЖ Комитетінің аймақтық бөліністері мен білім беруді ұйымдарына сапарларға шығады.
[b] Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:[/b] жоғары заңгерлік, педагогикалық. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасы заңнамасын, 2050 жылға дейін Қазақстанды дамыту стратегиясын, Қазақстан Республикасының осы санаттағы нақты лауазымның маманданымына сәйкес салада қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуіне тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі.
Практикалық тәжірибе - үлгі біліктілік талаптарына сәйкес, компьютерде жұмыс істей білу.
Функционалдық міндеттері: Нормативтік құқытық актілерінің жобасын әзірлеуге және даярлауға қатысуды жүзеге асырады. Комитет әзірлеп жатқан не болмаса өзге мемлекеттік органдардан келісуге келіп түскен заңдардың, өзге де нормативтік құқытық актілердің жобасына құқықтық сараптама жасауды жүзеге асырады. Комитеттің мүдделі қызметтерімен бірлесе отырып өзге мемлекеттік органдар төрағаға келісуге ұсынған нормативтік құқытық актілер жобаларының Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкестігін тексереді жәнеоларды келісу мүмкіндігі туралы қорытынды даярлайды. Кешенді бағдарламалардың, жоспарлардың және өзге де құжаттардың жобасын даярлауға қатысады. Мемлекеттік органдар заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеуі кезінде ведомствоаралық жұмыс тобына Комитеттің құрылымдық бөліністері өкілдерінің қатысуын ұйымдастырады. ҚАЖ-дың аумақтық бөліністеріндегі заң қызметінің жұмысын тексеруді жүзеге асырады. Комитеттің құрылымдық бөліністерімен норма шығармашылық, қарсы талап жұмыстармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады. Қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органдарындағы қарсы-талап жұмысын ведомстволық бақылауды жүзеге асырады.ҚАЖ комитетінің қызметiнiң құқықтық мәселелерін сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда қарау кезiнде белгiленген тәртiппен ҚАЖ комитетінің мүдделерiн бiлдiредi
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі - жоғары заңгерлік. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасы заңнамасын, 2050 жылға дейін Қазақстанды дамыту стратегиясын, Қазақстан Республикасының осы санаттағы нақты лауазымның маманданымына сәйкес салада қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуіне тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі.
Практикалық тәжірибе - үлгі біліктілік талаптарына сәйкес, компьютерде жұмыс істей білу.
Функционалдық міндеттері: жұмысшылар мен қызметшілерге ақшалай ұстаным, еңбекақы, емделуге арналған жәрдемақы, іссапарлық шығыстарды, ерекше шығындар мен басқа да төлемдерді төлеу үшін Қазынашылықтың атаулы чегі бойынша және (немесе) корпоративтік төлеу карточкасы бойынша екінші деңгейдегі банктен күн сайын ақшалай қаражат алады. Күн сайын жұмыс күні соңында бір күнгі операциялардың қорытындыларын санайды, келесі күнге кассада қалған ақшаның қалдығын шығарады. Нақты қолда бар ақшамен кассадағы қолма-қол ақшаның қалдығын күн сайын салыстыра тексереді. Кассалық кітапты жүргізеді. Қылмыстық істер бойынша азаматтардан алынған кассада сақталатын бағалы заттар мен ақшалай қаражатты есепке алуды жүргізеді. Қолма-қол ақшалай қаражаттың мақсатты пайдаланылуын есепке алу кітабын жүргізеді. 120 «Касса», 177 «Депозиттелген еңбекақы бойынша есеп айырысулар» көмекші шоттарын аналитикалық есепке алуды жүргізеді. «Кассалық операциялар бойынша жинақтау ведомосі» (№ 381 нысан) № 1 мемориалдық ордерін құрастырады. Күн сайын нысанды мақсаттар бойынша кассадан ақшалай қаражат беруді жүргізеді. Еңбекақы, емделуге арналған жәрдемақы, өтемақыларды, демалыс және басқа да төлемдерді, алименттерді төлеуге (төлеуге есептерді) ақшалай қаражат есептеуге құжаттар дайындауды жүргізеді. Министрліктің орталық аппаратында қалааралық сөйлесулердің лимиттерін бақылауды жүзеге асырады, министрліктің қызметтерімен осы мәселе бойынша хат алмасуды жүргізеді. Қатаң есептегі бланкілерді сақтауды және есепке алуды жүзеге асырады. ҚАЖК қолма-қол ақшаны бақылау есептері бойынша көшірмелер мен олардың тиісті құжаттарын Қазынашылық органдарынан алады. Басқарма бастығының нұсқауы бойынша басқа да тапсырмаларды орындайды. Бухгалтерлік құжаттарды тігуді жүзеге асырады, бухгалтерлік құжаттарды сақтауды, оларды мұрағатқа дайындауды және тапсыруды, сақтау мерзімі өткен соң жоюды ұйымдастырады.
396 формасы бойынша жинақтаушы ведомостарын (№13 мемориалдық ордер) және талдамалық материалдардың шығынын есепке алу шоттары бойынша 1312 " Оқу, ғылыми және басқа мақсаттарға арналған материалдар ", 1315 "Отын, ЖЖМ", 1316 "Шаруашылық материалдары және кеңсе жарақтары ", 1318 "Қосалқы бөлшектер", 1319 "Өзге материалдар" айналым ведомостарын жүргізеді, ҚАЖ комитетінің жанар-жағар май шығыстарының материалдық есептерін жүргізу, кеңсе тауарлары мен шаруашылық тауарлары мен өзге қорлар бойынша есептерін қабылдау;
438 формасы бойынша (№9 мемориалдық ордер) істен шығуы және ұзақ мерзімді активтердің талдамалық есеп карточкасының шоты 2360 "Машиналар және жабдықтар" (арттехқару-жарақ) айналым ведомостерін жүргізеді;
№5 нысаны бойынша "ұзақ мерзімді активтер", олардың келіп түсуін және шығуын бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар мен ерекшеліктер шығыстарына сәйкес жиынтық есебін жүргізеді;
Осы бөлімнің сарапшысына арттехқару-жарақ 11-нысанға сәйкес статистикалық есеп жүргізеді;
ҚАЖ мекемелерінің қаржы жоспарының орындалуы бойынша құжаттарды тексеру мен қабылдауды, жиынтық қаржы жоспарының есебін тапсыруға қатысады және де әрбір қаржы сұрақтары бойынша жедел мәліметтерді жинауға, талап етуді қамтамасыз етеді;
Қоршаған ортаны ластау бойынша есебін жүргізіп, Салық қомитетімен салыстырмалы актілер түзіп, дер кезінде тапсырыуын қамтамасыз етеді.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі - жоғары экономикалық. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасы заңнамасын, 2050 жылға дейін Қазақстанды дамыту стратегиясын, Қазақстан Республикасының осы санаттағы нақты лауазымның маманданымына сәйкес салада қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуіне тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі.
Практикалық тәжірибе - үлгі біліктілік талаптарына сәйкес, компьютерде жұмыс істей білу.
Функционалдық міндеттері: Уәкілетті органдарға «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының ішкі істер органдарында орындалу барысы туралы ақпараттың дайындалуын және белгіленген мерзімде жолдауды қамтамасыз етеді. Қызметкерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында «ҚАЗТЕСТ» жүйесі негізінде тестілеу ұйымдастырады, қызметкерлерге қазақ тілі сабақтарын өткізеді. Олардың сабаққа қатысуын бақылайды. Қажет болған жағдайда басқарма басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік тілдегі құжаттарға редакциялық сараптама жасайды. ІІО-да тілдерді дамыту және қолдану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде жұмысты жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтау мәніне ІІО қызметіне мониторинг жүргізеді. Департамент құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Премьер-Министрі Кеңсесіне және басқа мемлекеттік органдарға есеп құжаттарын дайындауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген өзге де міндеттерді сақтайды.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі - Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, гуманитарлық ғылымдар (филология, аударма ісі), білім беру (қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен əдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен əдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі), құқық салаларында (құқық қорғау қызметі, құқықтану, юриспруденция), әлеуметтік ғылымдар салаларында (журналистика).
Практикалық тәжірибе - үлгі біліктілік талаптарына сәйкес, компьютерде жұмыс істей білу.
[b]Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:[/b]
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.