«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшелерін байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникасымен, бағдарламалық қамтамсыз етумен, ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 175 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшелерін байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникасымен, бағдарламалық қамтамсыз етумен, ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 175 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.
Жоба Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің
69-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Жобамен планшеттер бойынша тиістілік нормаларын кеңейту және оларға пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдарды бақылауды жүзеге асыру үшін пробация қызметтерінің қызметкерлерін қосу көзделеді.
Жоба 2021 жылғы 17 маусымда «Ашық НҚА» интернет – порталында «Құқықтық көмек» https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=9513487 бөлімінде орналастырылды.