«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы


Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Жоба пенитенциарлық мекемелерде жаппай бейнебақылауды жүзеге асыру аясында әзерленді.
Жобада «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына, сондай-ақ «Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бейнеқадағалауды жүзеге асыру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.
Жоба 2021 жылғы 28 мамырда «Ашық НҚА» интернет – порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=9059370 «Құқықтық көмек» бөлімінде орналастырылды.

Дата публикации
31 мая 2021