1.Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 мынадай өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – Жоба) енгізілсін.
Сотталғандарға заңмен және сотпен жүктелген міндеттерді орындау бойынша бақылау нысандарын жетілдіру мақсатында интернет желісіне қосылған байланыс құралдарын пайдалану ұсынылады.
Ұсынылып отырған толықтырулар сотталған адамға пробация қызметінің талабы бойынша пробация қызметіне келу санын азайтуға, тек, мысалы, бейне қоңырауға жауап беруге және өзінің орналасқан жерін және заңмен және сотпен белгіленген талаптардың орындалуын растауға мүмкіндік береді.
Жоба 2020 жылғы 11 желтоқсанда «Ашық НҚА» интернет – порталында «Құқықтық көмек» https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5885498 бөлімінде орналастырылды.