Қазақстан Республикасының !шкі істер министрлігімен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.
Жоба 2020 жылғы 29 қазанда Ішкі істер министрлігі «Ішкі істер органдарының 2020 жылғы 9 айы бойынша жедел-қызметті туралы» алқасының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмасын орындау үшін әзірленді.
Жобамен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты, iзгiлiк қағидаты негізінде қылмыстық саясатты ізгілендіру, жеке-дара айқындалмаған адамдар тобына қатысты жазадан және қылмыстық жауаптылықтан босату, жазаның өтелмеген бөлігін қысқарту, сондай-ақ, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың санын азайту қарастырылады.
Жоба 2021 жылғы 19 ақпанда «Ашық НҚА» интернет – порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7006325 «Құқықтық көмек» бөлімінде орналастырылды.