МСЭҚТ

ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тобы ҚАЖ комитетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз құзыреті шегінде ҚАЖ мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетеді.

ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен өзара іс-қимыл жасайды.