Техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы, С-O-6 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Құқық қорғау қызметі
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Көлік құрылысы
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Логистика (сала бойынша)
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

ҚР Прокуратура органдарының автокөлік құралдарына қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, құрылымдық және аумақтық бөлімшелермен хат алмасуды жүргізуге; басқарманың автокөлік құралдарын міндетті сақтандыруға және техникалық байқаудан өтуге қатысты іс-шараларға қатысуға және ұйымдастыруға; Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының GPS-трекинг жүйесі бойынша бақылау, мониторинг және талдау жүргізуге;  Қазақстан Республикасы Прокуратура органдарының автокөлік құралдарын жаңарту бойынша мониторинг және талдау жүргізуге, сондай-ақ «мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес автокөлік құралдарын беру туралы құжаттарды дайындайдауға; ай сайын прокуратура органдарының автокөлік құралдары үшін ЖЖМ беруге, жүргізушілерден жол парақтарын қабылдауға, ЖЖМ-ны есептен шығару бойынша есеп жасауға, белгіленген нормаларға сәйкес шығыс материалдары, шиналар және басқа да шығыс материалдары бойынша есеп жасауға; брондауға арналған өтінімге сәйкес Бас прокуратураның кезекші автокөлік құралдарын бақылауға және бөлуге; шиналарды маусымдық қайта ауыстыруын жүргізуді ұйымдастыруға, прокуратура органдарының автокөлік құралдарын сұрыптауды, жарамсыздарын анықтауды, автошиналарды беруді және сатып алуды жүзеге асыруға міндетті; өз құзыреті шегінде басқарманың жоғары тұрған лауазымды адамдары жүктеген басқа да функционалдық міндеттерді орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.08.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.08.2021 – 19.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

24.08.2021

Сұхбаттасу орны

010000, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел к., 14, кабинет №229

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 71-25-12, 71--28-79