Ақмола облысы прокуратурасының бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақмола облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Негізгі функционалдық міндеттері: Кассалық операцияларды жүргізуді қамтамасыз етеді, ақшалай қаражаттардың сақталуын, төлемге есептерді, сұраныстарды және ақша аудару бойынша басқа да құжаттарды рәсімдейді, олардың қазынашылық органдарда тіркелуін қамтамасыз етеді; Есепте тұрған тұлғалардың іссапарлары және басқа да қаржы түрлері бойынша аванстық есептерді тексеруді және дайындауды жүзеге асырады; Мемлекеттік мекемені ұстауға бюджеттік қаржылар бойынша шығындардың есебін жүзеге асырады және қаржыландырудың бекітілген жоспарының аясында басқа да шаралар бойынша бақылау жүзеге асырады; Қызметкерлерге жалақы, уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты жәрдемақы және басқа да төлемдер төлейді, жалақыны төлеу бойынша жеке шот рәсімдейді, жалақы төлеу бойынша есеп айырысуға байланысты, есептер бойынша талдаулық есеп жүргізеді, штаттық және штаттан тыс қызметкерлердің штаттық кестесін дайындау, енгізілетін өзгерістердің жөнділігі және қаржылық қамтамасыз ету туралы ұйғарым береді; Штаттық және штаттан тыс қызметкерлердің штаттық кестесін дайындау, енгізілетін өзгерістердің жөнділігі және қаржылық қамтамасыз ету туралы ұйғарым береді; Салықтар бойынша және басқа да міндетті төлемдер бойынша декларациялар құрайды, статистикалық есептерді және оларды ұсынуды қамтамасыз етеді, дебиторлық және кредиторлық берешектерді және басқа да есептілік түрлерін ұсынуды қамтамасыз етеді; Мердігерлермен есептесуді жүргізуді жүзеге асырады, салыстырмалы тексеру актілерін құрайды; Мекемеге тиесілі активтердің болуын және қозғалысының есебін қамтамасыз етеді, қорлар және барлық шығындардың бекітілген нормаларын сақтаумен барлық қорларды қолдану және қозғалысына бақылау және есеп жүргізеді, активтерді, материалдық қорларды, ақшаларды, қатаң есептік бланктерді, есептеулерді және басқа да қорларды түгендеуге қатысады, түгендеудің уақытылы және дұрыс рәсімделуін және олардың есепте толтырылуын жүзеге асырады; Алғашқы құжаттардың, тіркеу есептерін, бухгалтерлік есептердің, сонымен қатар есеп жүргізу бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді; Бөлімнің құзырына кіретін сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды; Жүктелген міндеттерді орындауға жеке жауапкершілікке ие.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
7030803@prokuror.gov.kz
- 25.09.2025
- Көкшетау қаласы, Біржан сал көшесі 45
-
+7(7162) 25-05-93