Маңғыстау облысы прокуратурасының қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы (материалдық есепші)
Маңғыстау облысының прокуратурасы
Маңғыстау облысы
100000 - 1000000
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
экономика және бизнес (экономика, менеджемент, қаржы, есеп және аудит, әлемдік экономика, мемлекеттік аудит, жобаларды басқару, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік басқару, аймақтық даму).
Функционалды міндеттер
3.Қаржы және ақпараттандыру бөлімі бас маманының
жауапкершіліктері
3.1. Төлемнің шот-фактураларын, өтінімдерді және төлемдерді аудару бойынша басқа құжаттарды рәсімдейді, K2 «Қазынашылық клиенті» бағдарламасында тіркелуін қамтамасыз етеді;
3.2. активтерді, материалдық қорларды, ақшаны, есеп-қисаптарды және баланстың басқа да баптарын түгендеудің уақтылы жүргізілуін, көрсетілетін деректердің анықтығын тексеруді ұйымдастырады;
3.3. тоқсан сайын дебиторлармен және кредиторлармен салыстырып-тексеру жұмыстарын жүргізеді, жеткізушілермен есеп айырысуларды жүргізеді, салыстырып-тексеру актілерін жасайды;
3.4. бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде мемлекеттік мекемені ұстауға және басқа да іс-шараларға бюджет шығыстары бойынша шығындарды есепке алуды жүзеге асырады;
3.5. есептен шығаруды, негізгі құралдар мен активтердің мемориалдық ордерлерге қозғалысын енгізеді;
3.6, есеп беретін тұлғаларға тауарлық-материалдық құндылықтар мен активтерді алуға сенімхаттар береді, жүкқұжаттардың, орындалған жұмыстар актілерінің қайтарылуын бақылайды;
3.7. мекемеге тиесілі барлық активтердің, оның ішінде жалға алынған активтердің болуы мен қозғалысының есебін жүргізеді, активтерді түгендеуге қатысады, түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс рәсімдеуді және оларды есепке алуда көрсетуді жүзеге асырады, қажетті тауарларды сатып алуға өтінімді берудің уақтылығын қамтамасыз етеді;
3.8. балансқа қабылдаудың уақтылығын қамтамасыз етеді, жаңадан қабылданған және жөндеу жұмыстарына ұшыраған негізгі құралдар мен материалдардың есебін жүргізеді;
3.9. тозған және жарамсыз, қалпына келтіруге жатпайтын негізгі құралдарды есептен шығаруға құжаттарды рәсімдейді;
3.10. статистика органдарына негізгі құралдар бойынша (№1-KPE формасы, №1-инвест№11 жылдық); есептерді дайындайды және уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді
3.11. прокуратура органдарының ғимараттарын, құрылыстарын және басқа да негізгі қорларын есепке алуды сонымен паспорттауды жүргізеді, оларды жөндеуден, жаңғыртудан және реконструкциялаудан кейін паспорттарға өзгерістер енгізеді, қажетті техникалық құжаттаманы жасайды және белгіленген есептілікті жүргізеді;
3.12. бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, олардың белгіленген тәртіппен рәсімделуін және мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді;
3.13. бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
7292380@prokuror.kz
- 11.11.2024
- 24 шағын аудан, 2 ғимарат, Маңғыстау облысының прокуратурасы
-
8 (7292) 42-34-10