Ұлытау облысы Жезқазған қаласы прокуратурасының бас маманы – 1 бірлік (С-R-4 санаты), (20.11.2025 жылға дейін негізгі маманның бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне уақытша, сондай-ақ негізгі жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар).
Ұлытау облысының прокуратурасы
Ұлытау облысы
180 517
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Құқықтану
- Құқық қорғау қызметі
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
Функционалды міндеттер
Құжаттарды жасауға және олармен жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Құжаттармен жұмыс істеу нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлеу, жұмыстың озық тәсілдері мен әдістерін енгізу бойынша, құжаттардың құрамын реттеу және құжат айналымы көлемін қысқарту бойынша шаралар қолдану, құжаттардың қозғалысына талдау жүргізу және оңтайландыру. Электрондық құжат айналымы жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру. Ұйымдастыру-өкімдік құжаттар бланкілерінің жобалары мен істер номенклатурасын жасау. Құжат айналымының және қалыптастырылатын істердің санына есеп жүргізуді ұйымдастыру. Ішкі, кіріс және шығыс құжаттарды қабылдауды, уақтылы өңдеуді, тіркеуді, есепке алуды және сақтауды, оларды мақсаты бойынша беруді, таратуды және жеткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Құжаттардың өтуін есепке алудың бақылау-анықтамалық жүйесін қалыптастыру мен жүргізуді, құжаттарды тіркеудің белгіленген нысандарын қолдану мен сақтауды ұйымдастыру. Істерді қалыптастыру және ресімдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, олардың дұрыс ресімделуі мен қалыптастырылуын, сақталуын және мұрағатқа уақтылы тапсырылуын бақылауды жүзеге асыру. Мұрағат ісін жүргізу, оның ішінде мұрағатқа келіп түскен құжаттарды сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды сақтауға және жоюға іріктеу мақсатында құжаттардың құндылығын сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және орындау. Жұмыскерлерді қажетті нұсқаулық және анықтамалық материалдармен, сондай-ақ мүкәммалмен, ұйымдастыру техникасымен, басқа да жабдықтармен және кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету. (Блок С)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Жезқазған қ., Гагарина көшесі, 44
-
8 7102 76-19-63